Адамзат әрекетінің құндысы, адамдығының көрсеткіші, ізгілігінің таразысы, жомартығы мен дарзан көңілінің желкені, рухани жетістігінің межесі – қайырымдылық. Өмірде қайырымды адамдар көп. Олар біздің арамызда жүр. Тек мұндай жандар өзі жасаған жақсылығын жаһанға жар салып айтпайды, үнсіз ғана өздеріне тиесілі істеріндей атқарып жүре береді. Қоғамымыздағы өзекті мәселелердің біріне көпшілікті жұмылдырып, жақсы істің бастауында тұрған кейіпкеріміз, фотожурналист Карла Нұрдың «Клуб 28 петель» әлеуметтік жобасына кеше 6 жыл толды. Клуб және оның қайырлы қызметі жайлы сұхбат сілтемеде.
Мұқтаж жандардың қажетін өтейтін ізгі әрекеттер, қолдың жомарттығы, мейірімнің мерейлісі, жүректің жылылығы – қайырымдылық болса керек. Орайы келгенде көпшіліктің жадында жалт еткен үміт сыйлайтын, қалт етсең қалқан бола алатын, сүрінсең демеу білдіретін, сезіктенгенде сейілдіретін жандарды жұдырықтай жұмылдырған «Қайырымдылар клубы» жайлы еріктілер қозғалысының авторы, Қазақстанның «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Гүлмира Абдрешованың естелігімен таныс болыңыз.
«Особые праздники» ҚҚ жетекшісі Ботагөз Игенбаева: «еріктілікпен айналысу ермек емес, бұл - таңдау, бұл - шешім, бұл - ұстаным. Ерекше балалардың өзінше өрбіп жатқан балалық шақтарын шырайлы ете түсуім керек. Ешкімге ұқсамайтын әлемдерін әсерлі етуім керек. Үн қатса құлақ, қорықса шырақ, құласа құрақ, сейілсе серуен, ашықса арқау, жыласа жұбаныш керек оларға».Толық нұсқасы төменде.
Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы мемлекеттік психоәлеуметтік оңалту орталығының еңбек инструкторы Рахима Мұқышеваның сұхбатымен тағы бір таныс болыңыз.«Еңбек терапиясы мен үшін сүйікті ісіммен айналыса отырып игілікке қызмет етуге берілген мүмкіндік». Толығырақ .
Даун синдромды, аутист жеткіншектер мен жасөспірімдердің тең құқылы қоғам мүшесі ретінде теңдіктерін жаңа бір деңгейге көтеруге бағытталған, Education fop All» тіл үйрену жобасы аясында қолға алынған КИТ инклюзивтік театры жобасының авторы Исмаилова Сабинаның әңгімесі сілтеме бойынша.
Айжан Шериева: «Аса қабілетті, бірақ қаражатсыз балаларды, көп балалы және аз қамтылған отбасында тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерді тегін жаттықтырамыз. Жарыстарға жол қаражаттарын, жүріс-тұрыстарына да өзім жәрдемдесуге тырысамын. Кім білген, биге баратын бес тиыны жоқ баланың көше кезіп жүрмесін». Мақсаты мен қайырлы іс жасай жүріп, қажымау жолдары сұхбаттың толық нұсқасында.
Қайырлы іс жар салып, жарысып, белгілі күні жасалатын амал емес. Оны жыл бойы, ү здіксіз жалғастыра беру керек. Келбеті мен ажары келіскен қоғамның мүмкіндігі келіспейтін тұстарында қайырымдылықты күнтізбесіз көрсетуді қолға алған Астана қаласының Алматы ауданы әкімдігінің «20 ізгі қадам» жобасы жайлы аудан әкімдігінің білім және әлеуметтік сала қызметі бөлімінің басшысы Бекенова Сапура Мұхамедияқызының сұхбатына назар салыңыз.
Көз жанары көмескі болса да, көкірегі ояу, жарқын жүзді, «ДОС-ART» мәдени-сауық клубының үйлестірушісі, көркемдік жетекшісі және вокал бойынша педагогы Әділбекова Жанардың әңгімесінен: «Мына өмірдің қызықтығы соншалық, сел соғып жатса да, соқыр болсаң да сұлулықты сезінуге, аңғаруға болады. Мылқау, не мүгедек болсаң да толғанысқа бөлейтін әндерді шырқап, тепсіне билеп, толғана жырлап жіберуге болады. Қаланың, жалпы еліміздің мәдени өмірінің әсерлірек, әдемірек, жан-жақты және қол жетімді болуына неге ат салыспасқа».
Астана қаласының «Орда» аутизмі бар балалардың ата-аналарының бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің басшысы Есмағанбетова Салтанат Мырзағұлқызы: «қайырлы іс – бұл керең еститін, соқыр көретін іс». Сұхбаттың толық нұсқасы сілтеме бойынша.
Qazir шыққалы бері екі ай ішіндегі «Қайырлы іс» айдары бойынша дайындалған еріктілер естеліктерін топтастырған Жаннат Манасбайқызы