Өмірбаяны
Базаркүл Сейітжанқызы Үмбетова,1966 жылы Жезқазған қаласында туған.
ҚазМҰУ-нің журналистика факультетін(1990ж),Орта-Азиялық университеті заң факультетін бітірген(2003ж).
1985-1997 жылдар аралығында Жезқазған облыстық телерадиокомпаниясында тілші, редактор,қоғамдық саяси бағдарламалар редакциясының бөлім меңгерушісі.
1997 -2002 жылдары Қазақстан ұлттық телеарнасының , «Астана» студиясында комментатор болып қызмет атқарды.
2002 жылдан -2018 жылға дейін «Қазақстан РТРК» АҚ « Астана» радиосында бас редактор.
2018 жылдан бері Qazir.kz порталының бас редакторы. К.Шалабаев атындағы Қазақстан Журналистер Одағы Сыйлығының лауреаты(1996ж), ҚР Президентінің Алғысы(2010ж), «Радио ісінің үздігі»(2011ж), «Ақпарат саласының үздігі» (2015ж).
2013 жылы «Перзент парызы», 2018 жылы «Журналист жолы» кітаптары жарық көрген.