Жаныңды жылытқан жаялық
Өмірде қайырымды адамдар көп. Олар біздің арамызда жүр. Тек мұндай жандар өзі жасаған жақсылығын жаһанға жар салып айтпайды, үнсіз ғана өздеріне тиесілі істеріндей атқарып жүре береді.
Бүгінгі сенбілік «Қайырлы іс» айдарында қоғамымыздағы өзекті мәселелердің біріне көпшілікті жұмылдырып, жақсы істің бастауында тұрған кейіпкеріміз бен оның әлеуметтік жобасы жайлы сөз қозғамақпыз.
Қос қолың барда...
Әр сенбі сайын берілетін «Қайырлы іс» айдарында бүгін астаналық мейірімділер клубы жайлы әңгімелейміз.
Ботагөз Игенбаева: «Кішкентай батырларды бақытты етуге үлкен жүрек керек»
Бұл материал Qazir почтасына түскенде,түннің ортасы ауып бара жатқан еді. Оқып отырып, айналамызда қайырлы іспен айналысып жүрген үлкен жүректі жандардың көп екендігіне көз жеткіздім. Шындығында Жаннаттың Ботагөзбен әңгімесінен қаншама жәйтті аңғаруға болады. Біз өз тарапымыздан ешкімде немқұрайлы қарауға тиіс емес қоғамдағы осы мәселеге оқырмандардың да назарын аударғымыз келеді. Ал Qazir алдағы өткізілер шараларға ақпараттық серіктес болуға әзір.
Рахима Мұқышева: «Еңбек терапиясы мен үшін сүйікті ісіммен айналыса отырып игілікке қызмет етуге берілген мүмкіндік»
Апта аралатып, әр сенбі сайын оқырман асыға күтетін «Қайырлы іс» айдарының бүгінгі кейіпкерімен де танысатын сәт келді. «Өмірде кез келген дүние белгі арқылы беріледі. Тек соны уақытында ұғып, жүзеге асыру керек»,- дейді ол Qazir тілшісіне берген сұхбатында.
Мың жүрекке жол тапқан «тоқсан теңгелік» қайырымдылық
Қоғамда түрлі тауқымет көп. Тағдырдың тосын таяқтарынан тосылмай, алға ұмтылудың амал-айлалары қандай? Таяқ деп нені тұспалдап отырмыз. Ол үшін QAZIR қолқа салып, «Education fop All» тіл үйрену жобасы аясында қолға алынған КИТ пилоттық жобасының авторын, қайтсем де Даун синдромды, аутист жеткіншектер мен жасөспірімдердің тең құқылы қоғам мүшесі ретінде теңдіктерін жаңа бір деңгейге көтеремін деп, жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген Исмаилова Сабинаны әңгімеге шақырды. Сонымен, «Қайырлы іс» айдарында тоқсан теңгелік қайырымдылық жайлы әңгіме.
Айжан мен Oktava
Жан-жағындағыларға жалтақтай қараған жарлысы да жоқ емес, мұрты майға малынған байы да бар бұл қоғамда қайырлы істі кім, қалай жасауда? Қайраты мен қажырына қарай ма? Ниеті мен намысына қарай ма? Айжан Шериева Qazir-ге берген сұхбатында табыс пен қайырымдылық көзі болған сүйікті ісі, кәсіп пен нәсіп жайында.
20 IZGI QADAM
Бүгінгі «Қайырлы іс» айдары елордамыздың 20 жылдығына орай 20 ізгі қадам акциясы жайлы.
Өнеріңнің өзгеге қайыры
Адамның әуелден тоқымашы немесе хатшы болып тумайтыны сияқты, қайырымдылық пен жаман қылықта адамға әуел бастан жаратылысынан дарымайды. Жақсылық жасай біл. «Қайырымдылық қылсаң қайырын өзің көресің»,- деген даналық бар, Әбу-Насыр Әл-Фарабиден қалған. Әзгі іс пен ілгерілеу жолындағы түрлі қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қызметі қайтсе қайырлы болмақ? Жиылып, жұрт болып жұмыла көтерген жүк мүгедектерге қандай мүмкіндіктер ашты? Шығармашыл жандардың жан жауасы, қайырлы іс тамырының қайда екендігі туралы «ДОС-ART» мәдени-сауық клубының үйлестірушісі, көркемдік жетекшісі және вокал бойынша педагогы Әділбекова Жанар әңгімелейді.
Қиындықтың сыйын күрескенде аласың
«Аттың жақсысын мақта, адамның жақсысын жақта»- деген даналық сөз қалған ата-бабамыздан. Өздеріңізге бүгінгі «Қайырлы іс» айдарында Астана қаласының «Орда» аутизмі бар балалардың ата-аналарының бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің басшысы Есмағанбетова Салтанат Мырзағұлқызымен болған сұхбатты ұсынамыз.
Сорым бес елі болса да, бақытты болуға лайықпын
Сауда маркетингінде мінсіз бренд, беделді марканың белгісі болған тұлғаны амбассадор десе, бүгінгі сұхбаттың кейіпкері Сиюов Сағатбекті адамның ұнамды сапаларының, адалдық пен адамгершіліктің амбассадоры деуге дәлел көп. Арбаға таңылса да, жанының апаттан аман қалғанын Жаратқанның ерекше сыйы деп түсінген, алдағы арман-мұраты анық, жардан құласа да жаны құлазымаған жігіттің жігеріне жұрт қызығады. Өзгеге үлгі болған, үміттерді сөндірмеген, мұқалған жандарды мінбелерге жетелеген Сағатбектің құлшынысы, идеялары мен жобалары, дербес жетістіктері тағдырластары мен замандастарының қойын дәптерлеріне де, жүрек-дәптерлеріне де жазылып жатыр.
Жаңғырған заманның көркі - жастар
Азаматтық позициясы белсенді, жас болса да бағындырған белестері бар, білдей бір облыс еріктілерінің қозғалысын үйлестіру ісімен қызметін қатар алып жүрген жігіт Оразәли Сәрсенов QAZIR-мен болған сұхбатта қайырлы іс, қоғамдық өмірдегі жастардың белсенділігі және жалындаған жастық шағының қызықты оқиғаларымен бөлісті.
Қайырымдылық – қастерлі ұғым
Жақсылыққа қайырымдылықпен жауап беру әр жанның болмысына біткен ізгі амал. Маңайыңдағы мұқтаждарға мейірімділік пен ізгілік, достыққа адалдық таныту – адамгершіліктің белгісі болса, адамзаттың барлығына «бауырым» деп қарау Абайдан қалған өсиет. Сөзіңнен емес ісіңнен, жүрегіңді жарып шығатын қайырлы іс жайында басқа қандай қанатты сөздерді білеміз. «Қайырлы істің» бүгінгі шығарылымында адамның асыл қасиетіне қатысты нақыл сөздер ұсынылады.
Менің ортама мейірім жетіспейді
Қазір қоғамымызда дінге, тілге, мәдениет пен өркениетке қатысты көптеген түсініспеушілік түйткілдері көп. Сондықтан болар, жастарымыздың жат ағымдардың жетегінде кетуі, өздерін-өздері өлімге қиюы, салт-дәстүрімізге сызат түсіруі, еліктеушіліктің басымдығына жол беруі, қол созым жердегі жақындарына немқұрайлы қарауы, менталды түрде тұла бойына тән құндылықтардан айырылуы сияқты келеңсіздіктер кездесіп жатады. Бұл бізге мейірімділіктің жетіспейтіндігінен, иманның аздығы мен жауапкершілікті сезінбеу салдарынан деген сырын QAZIR-мен бөліскен «Нұрлы жүрек» қайырымдылық тобының тізгіншісі, ұтқыр ой мен ұтымды ұстаным, ұнамды мінез иесі Думан Мұратұлымен сұхбатымызды ұсынамыз.
«Алтын жүрек» азаматтар ардақталады
Қайырымдылықтың дәстүр және қажетті, нәтижесі мол үрдіс ретінде қалыптасып, қоғам назарына маңыздылығын жеткізуде, істің қайырлысын халыққа насихаттауда БАҚ рөлінің ерекше екендігі бөлек әңгіме. QAZIR #қайырлы іс айдарының бүгінгі шығарылымында қайырымдылық саласында еліміз бойынша қалыптасқан тағы бір дәстүр – жыл сайын жүректерді жібітіп, тағдырларды тоғыстырып, меценаттарды марқайтып, қарапайым жандарды ынталандыратын, ыстық ықыластар мен мұқтаждардың мың алғысы жауатын, 12 жыл бойы жалғасып келе жатқан «Алтын жүрек» ұлттық премиясы жайлы баяндамақ.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІ
Кез келген жағдайда адамдық кейпіңді жоғалпау жаратылыстың желкенін құлатпаумен тең. Қара бастың қамын қамтамасыз ететін ғана емес, өзгенің қажетін ашатын амалдардың да арамызда жасалып жүргені қуантады. Қайырымдылықты жан-жақты насихаттап, дүниежүзілік қауымдастықты қайырлы іс қылуға құштар етіп келе жатқан Біріккен Ұлттар Ұйымының, оның сабақтас ассоциацияларының қызметі ұтымды. Түрлі мерекелер ұйымдастыру, ерекше шаралар өткізу арқылы атқарылып жатқан іс осының дәлелі. Мысалы, қауымдастық жыл сайын «5» қыркүйекте Халықаралық қайырымдылық күнін атап өтеді.
ЖӘНІБЕКТІҢ ЖҮРЕГІ
Арамызда жүрген адал,жылы жүректі,мейірбан адамдардың айтары көп.Солардың бірі бірнеше жыл бұрын «төл» жүрегін «тел» жүрекке айырбастаған азамат Жәнібек Зейнелұлы Успанов.
Көңілбай Шүкенов : «Жұрт ұйықтап жүргенде, мен жұмыс істедім»
Көңілбай Шүкенов есімі көпшілікке мұқтаж жандарға тегін үй салып беретін қайырымды азамат ретінде танымал. Ол әлеуметтік жобалардың авторы, «ASYL ADAM» қорының негізін қалаушы. Qazir тілшісі Көңілбайдың бала күнгі арманы, жоқшылық пен тоқшылықтың айырмасы, қайырымдылыққа үндеу , тығырықтан шығар жол іздеу туралы ойларын білген еді.
Шала туған шақалақтар үшін
Халықаралық мерзімінен ерте туған балалар күні - World Prematurity Day «17» қарашада «KingHotelAstana» қонақ үй кешені ғимаратында «28 петель» клубының мұрындық болуымен, «PRI. Халықаралық түрме реформасы» жобасының, Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен аталып өтілді. Шара осымен үшінші жыл қатарынан Қазақстанда, дәлірек айтсақ елордамызда жалғасын тауып келеді.
«Күлтегін» мультфильмі жас көрерменнің ел тарихына қызығушылығын арттырады
Астанада «Күлтегін» мультфильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтті. Авторлар анимация арқылы жас көрерменнің Қазақстанның тарихына қызығушылығын арттыруды көздеп отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Астанада арнайы түзету мектептерінің оқушылары мен аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленетін балалардың қатысуымен «Күлтегін» мультфильмінің қайырымдылық көрсетілімі өткізілді.
«Сарысу өңірінің музыкалық мұрасы» СД жинағы шықты
«Кәусар» мәдени - танымдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Отырар кітапханасында тұсаукесері ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qazir.kz.
Ақтөбеліктер «Ауыл – ел бесігі» форумында 500 миллион теңге жинады
Ақтөбе облысында мемлекет басшысы бастамашылық еткен жобаға аттас арнайы жобаны тиімді жүзеге асыруға бағытталған «Ауыл – ел бесігі» форумы өтті.
Халықты қайырымдылық жобаларына қатысуға ынталандыру қажет пе?
Астаналық «Асыл адамдар» кеше «Рахмет» сауда үйіне жиналды. Бұл әрине мерекелік бас қосу немесе көңіл көтеретін концерттік бағдарлама емес еді. Бұған дейін «Асыл адам» қайырымдылық қорының негізін қалаушы Көңілбай Шүкеновпен Qazir.kz тілшісінің сұхбатында олар қолға алған бірнеше жобалар жайлы толық қамтылған болатын.
«Таным» сыйлығы кімдерге бұйырды?
Қазақстанның VIII Азаматтық форумы аясында республикалық, салалық және өңірлік деңгейде түрлі әлеуметтік мәселелердің ұтымды шешімін тауып, тетіктерін келістіріп жүрген, азаматтық қоғамның құрылуына және дамуына үлес қосқан ҮЕҰ, қоғамдық кеңестер мен қоғам қайраткерлеріне «Таным» республикалық-қоғамдық сыйлығы берілді.
Қайырымдылық - қайырлы іс
Бүгін 5 желтоқсан - экономикалық және әлеуметтік даму үшін еріктілердің халықаралық күні немесе Дүниежүзілік еріктілер (волонтерлар) күні.Бұл күн БҰҰ Бас Ассамблеясының 1985 жылы жасаған ұсынысымен жыл сайын аталып өтеді. Qazir бүгінгі атаулы күнге орай, жүрек жылуы мен қолынан келгенше көмегін өзге жандардың өмірін көрікті етуге , қоғамымыздағы өзекті мәселелердің шешімін табуға көпшілікті жұмылдырып жүрген қайырымды жандар жайлы жариялаған «Қайырлы іс» айдарындағы бірнеше кейіпкерлері жайлы қысқаша естеліктер ұсынуды жөн көрді.
«Қобланды» орталығына келген бұзық Теймурдың да мінезі жұмсарды
Біздің бүгінгі мақаламыздың кішкентай кейіпкері бауырлас әзірбайжан ұлтының ұланы Астана қаласының тұрғыны Теймур Субахоноглы Ахмедов атты бүлдіршін болмақ. Оның жасы небәрі төртте ғана. Дегенмен, тіршілік делінетін ұзақ жолдың тарам да тармақты соқпағына енді-енді қадам басуға талпынып келе жатқан жас өреннің бүгінгі күнге дейінгі өткізген аз ғана ғұмырының өзі көп қатарластарына қарағанда тіптен бөлекшелеу болыпты. Міне, осы бөлекшенің сырын жеткізу үшін де біз оны бүгінгі мақаламыздың бас кейіпкері етіп таңдадық.
В Астане наградили лучших волонтеров проекта «Жеңіс»
В Астане назвали лучших волонтеров социально-благотворительного проекта «Жеңіс» по помощи ветеранам и труженикам тыла, реализуемого ОЮЛ «Национальная волонтерская сеть» совместно с Фондом развития социальных проектов «Samruk-Kazyna Trust». Отличились волонтеры из Усть-Каменогорска, Павлодара и Актобе.
Волонтёр Татьяна Миронюк об итогах года
Корреспондент Qazir поговорил с исполнительным директором ОЮЛ "Национальной волонтерской сети" Татьяной Миронюк об итогах 2018 , целях и планах на 2019 год.
Дәурен Рахымбек: Ерікті болу үшін үлкен ерік-жігер керек
Рахымбек Дәурен. Қарқаралы ауданы Мыңжасар Адикенов атындағы ауыл шаруашылығы колледжінің студенті. Бір ауданның өзгеге қамқорлық жасауға әзір,ойлары үндесетін,ізденістен талмайтын жастарын игі істерге бағыттап отырған жігерлі жас. Ал атқарып отырған жұмыстары жайлы сұрай қалсаңыз бірден айтар ойларын алақандағыдай алдыңа жайып салады.
Қайырымды азаматтарды халық білуге тиіс...
2018 жылдың қараша айынан 2019 жылдың ақпан айы аралығында еліміздің аумағында «Мейірімділік керуені» байқау-акциясы өтуде, деп хабарлайды Qazir.kz елорда әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ақтөбе облысында соңғы балалар үйі жабылды
Ақтөбе облысында жетім балаларға қатысты мәселелер тиімді шешілуде. Аймақта ағымдағы жылдың қаңтар айында осыдан 10 жыл бұрын 585 бала тұрған жалғыз балалар үйі жабылды.
Ақтөбелік кәсіпкерлер туған ауылдарын қамқорлыққа алған
Ақтөбелік кәсіпкерлер ауылдық елді мекендердің әлеуметтік ортасын жаңғырту аясында бастамалық еткен «Ауыл - ел бесігі»ауқымды жобасын дамытуға бар күштерін салып жатыр. Мемлекет басшысының бастамасы өңірде кең қолдау тауып, «Ауыл қамқоршысы» акциясы басталды.
Социальная мастерская Green TAL запускает бесплатный курс для юных столяров
Курс предназначен для детей от 14 лет из малообеспеченных семей.