Астаналықтарға қажет ақпараттар
Бүгінгі «Елорданың дидары» айдарынан білетіндеріңіз: Мәскеудегі Данилов базарына ұқсас жаңа гастрономиялық базар қайда салынады? Автобус жүргізушілерінің еңбекақысы 500 мыңға өсетіні рас па? Астанаға адамдар қай жақтан көшіп келіп жатыр?
Аида Есеналина: «Жеке стиліңді табу үшін ішкі дүниеңді түсіну қажет»
Адамды киіміне қарап қарсы алатын заманда жан дүниесіне сай жарасымды киіне білу екінің бірінің қолынан келмейді. Себебі біреуге еліктеушілік онсыз да өзіне сенімсіз адамды одан әрі жолынан адастырады. Имидж-стилист Аида Есеналина сұхбатында дұрыс киіне білудің қыр-сырын түсіндірді және жаңа тренд, жеке стиль, сәнді образ ұғымдарына тоқталды.
Адами аксиома: әр адам бақытты
Күнделікті күйбің тірліктің жетегінде кетпей, жан рахатын сезіне білудің өзі өзгермейтін құбылысқа айналғанда ғана ісіңнің берекесі кіріп,бақытты боласың. Бақытқа бәрі сыйғанмен ол бір орында тұрмайды. Әркімге бұйырған бақыттың формасы әр түрлі, тек оны сезіне білу қажет. Қай сала болмасын, бизнес, тұрмыс, тірлік, ата-аналық борыш, адами аманат – барлығының татымды нәтижесін тек бақытты бола білсең көресің.
Бақытқа сенсең – бөленесің, қабылдай білсең – сезінесің, бағалай білсең – бөлісесің. QAZIR-мен бұйырған бақыт жайлы сырымен бөлісетін - Гаухар Утелбаева бақыт, бизнес және борыш жайында «Сырласқым келеді» айдарында.
«Астаналықтарға берілген мүмкіндіктер»
«Елорданың дидары» айдарынан білетіндеріңіз – қала тұрғындарына қажет ақпараттар: «Мектеп жәрмеңкесі» балаларды жаңа оқу жылына даярлайды, ерекше балалар кинотеатрлардан тегін фильмдер көре алады, қазақ тілін үйрену курстарын тегін оқуға болады.
Құрбан айт мерекесін тойлау
«Елорданың дидары» айдарынан Құрбан айт мерекесіне қатысты мағлұматтармен танысып, айт күндері қаламызда құрбандық шалуға рұқсат етілген орындарды біле аласыз.
Розария Лазетта: «Менің бағамдағаным, Қазақстанды Азия деу қиын»
Осыдан біраз бұрын әлемнің 11 еліндегі 45 қаланы мотоциклмен жалғыз аралауға бел байлаған Неаполь бейнелеу өнері академиясының профессоры, мүсінші Розария Лазетта Астанаға соғып кетті. Жәй емес, әрине. #yellowhorseevolution атты жобасы бойынша отандық өнер саласындағы атақты әйелдермен сұхбаттасып, олардың әлеуметтік статусы мен өз өміріне қаншалықты көңілдері толатынын біліп кетті. Бүгін осы сапар барысында қадірлі мейманның айтқан ой-пікірімен «Елорданың дидары» айдарынан таныса аласыздар.