«Елорданың дидары» айдарынан білетіндеріңіз – қала тұрғындарына қажет ақпараттар: «Мектеп жәрмеңкесі» балаларды жаңа оқу жылына даярлайды, ерекше балалар кинотеатрлардан тегін фильмдер көре алады, қазақ тілін үйрену курстарын тегін оқуға болады.
«Мектеп жәрмеңкесі»
Тамыз айының барлық демалыс күндері мектеп жәрмеңкесі өткізіледі деп хабарлады Елорда әкімдігі. Жәрмеңкеге отандық тауар өндірушілер мен мектеп керек-жарақтарын, мектеп формасы, шұлық бұйымдарын және басқа да көтерме сауданы жүзеге асырушылар қатысады.
Өтетін орны: Астана әкімдігі ғимаратының алдындағы алаң.
«Тегін фильмдер»
«Кедергісіз Қазақстан» акциясының аясында ерекше күтімді қажет ететін балалар апта сайын еліміздің ірі кинотеатрларында тегін фильмдер көре алады. Астана әкімдігі мен «Kinopark Theatres» кинотеатр желісі мен «Q Group» компаниясының тобы арасында өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Көрермен ретінде аутистік спектрі бұзылған және қаладағы психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіндегі ДЦП ауыратын 150 бала және «Қасиетті Жол», «Солнечный Мир», «Дар», «Равные возможности» қоғамдық қайырымдылық қоры шақырылған.
«Тегін курстар»
Мемлекеттік тілді тегін түрде оқып үйренуге болады. Бұндай мүмкіндікті астаналықтарға қала әкімдігі ұсынып отыр. Алдымен тілді қаншалықты білетінін анықтау үшін алдын ала тест тапсырылады. Содан оқушы деңгейіне қарай арнайы топтарға іріктелінеді.
Оқытудың жалпы бағдарламасы 8 айға лайықталған. Сынақты сәтті тапсырғаннан кейін оқудан өткендігі туралы сертификат беріледі. Әрі қарай оқығысы келгендер келесі курсты жалғастырады. Қазақ тілін үйренгісі келетіндерге мына телефон бойынша хабарласуға болады: 8747 526 28 55 және 8701 390 02 25.
Материалдар astana.gov.kz жариялаған мәліметтерден әзірленді.