«Елорданың дидары» айдарынан Құрбан айт мерекесіне қатысты мағлұматтармен танысып, айт күндері қаламызда құрбандық шалуға рұқсат етілген орындарды біле аласыз.
21-23 тамызда елімізде бүкіл мұсылман қауымның қасиетті Құрбан айт мейрамы тойланады. Айттың бірінші күні бүкіл қазақстандықтар мерекелік демалысқа шығады. Құрбан айттың алғашқы күні қаламыздың 9 мешітіндегі таңғы сағат 07:00-де оқылатын «Айт намазынан» бастау алады және таңертеңнен құрбандық шалынады. Осыған байланысты Астанада құрбандық шалу орындары алдын-ала белгіленген:
Алматы ауданы: «Метро» СҮ (Астана-Қарағанды т/ж);
Байқоңыр ауданы: «Нұрбереке-555» ЖШС, Алаш шоссесі, 30 («Көк Базар» базарының арты), «Есжанова А» ЖК, «Жайлау», Алаш шоссесі, Ц 313 көшесі, «Шаушен» ШҚ, «Астана-Павлодар» т/ж, 9 км, «Темеш» ШҚ, Астана – Софиевка т/ж 7 км;
Есіл ауданы: «Алтын-Таға» базары, Қосшы кентінің маңы;
Сарыарқа ауданы: «Ұлжан» әмбебап базары, (бұрынғы «Саянұр» базары).
Құрбан айт туралы қажет деректер:
- Ораза айт мейрамынан 70 күн өткеннен кейін Құрбан айт басталады;
- Құрбан Айтты тойлау салты Орталық Азияда ислам дінінің келуімен бірге Х-ХІІІ ғасырларда етек алған;
- 2005 жылдың 30-шы желтоқсанынан бастап қазақстандықтар үшін Құрбан айттың бірінші күні демалыс болып белгіленді;
- Ислам заңдылықтарына сәйкес құрбандыққа қой немесе ешкі (бір жастан үлкен), сиыр (екі жастан үлкен) және бес жасар түйе шалынады. Құрбандыққа соқыр, ақсақ, ауру-сырқау, мүйізі қырқылған, құйрығы мен құлағы кесілген малды шалуға болмайды;
- Құрбан шалмастан бұрын пышақты өткірлеп қайрау керек (оны құрбандыққа шалынатын малдың көзінше қайрауға болмайды);
- Құрбан шалу кезінде қойдың аяқтарын байлайды. Оның басы Меккеге қаратылады;
- Құрбандықты бауыздағаннан кейін еттің бір бөлігін иесі өзі алады, бір бөлігін жағдайы нашар адамдарға таратады, үшінші бөлігін садаққа ретінде таратады.
Мәліметтер astana.gov.kz алынды, өзге деректер ашық ақпарат көздеріне тиесілі.
Фотограф – Қуанышбек Дүйсенбеков.