Жанғали Жүзбаев: "Домбыраның қоңыр үні адамның жүрегін тазалайды!"
«Домбыра тартқан адам пәндәуи қиянатқа бармайды, кісіге қасақана жамандық жасамақ түгілі, ол туралы ойламайды да. Өйткені домбыраның алқоңыр үні жүрекке махаббат болып егіледі, жанға рухи дауа боп дариды. Күй тыңдаған адамның ниеті-пиғылы жамандық шақырмайды, домбыра сазының сәулесі жүрекке қонақтайды. Міне сондықтан да өзіндік тылсым үнімен жан баласын еліте алатын асқан құдіретті күшке ие аспаптың үнін қастерлеп, құрметтеген адамның жан дүниесі ешқашан тазалығынан айнымайды». Бұл киелі домбыраны дәріптеп, оның мүмкіндігін шертпе күйлерімен халыққа жеткізіп жүрген дәулескер күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанғали Жүзбаевтың айтқаны. Ағамыздың бұл сөзін бүгінгі мақаламның бастауына тұздық етіп отырғанымыз,өздеріңізге белгілі биыл тұңғыш рет ұлтымыздың мәдени-рухани қазынасы- «Ұлттық Домбыра» күнін тойлаудамыз. Міне, осындай ерекше мерекемізге арнап, домбыраға тіл бітіре шертудің шебері, күйші Жанғали ағамыздың жұмыс орнына арнайы ат басын тіреп, «Ұлттық домбыра» күнінің маңыздылығы жайында сыр шертісіп қайтқан едік. Бүгінгі «Сырласқым келеді» айдарында Qazir оқырмандарына осы сырлы сұхбатты ұсынып отыр.
«Астаналықтардың сүйікті демалыс орындары»
Бүгінгі «Елорданың дидары» айдарында қала тұрғындары арасында жүргізілген сауалнама бойынша анықталған демалыс орындары туралы баяндаймыз.
Астана – алтын бесік
Qazir оқырмандарына Астананың 20 жылдығына арналған жексенбілік мерекелік топтаманы ұсынады. Алдымен елордасына алғашқылардың бірі болып келген, көз алдында көркейген жаңа астананың қалыптасуында өзіндік қолтаңбасы бар саясаттанушы Кенжеболат Жолдыбайдың мерекелік құттықтауын ұсынамыз.
ЕЛОРДАҒА ЕРЕКШЕ ТАРТУ
Елордамыз Астананың жиырма жылдығының дүбірлеп өткеніне дүйім жұрт куә. Бірі-бірінен өткен, қала тұрғындары мен қонақтарын таң қалдырып, тамсандырып жатқан шаралар керемет демалыс болып қана қоймай, қаяу түскен көңілдерге медет, жабырқаған жандарға жұбаныш, жастарға мереке, халыққа серпіліс сыйлады. Сондай шаралардың ерекшесі Елордаға жасалған тартудың тым әсерлісі болды. Үш күнге созылған еліміздегі ең алғашқы халықаралық «үнсіздер» театрының көпшілікке қандай үн тастағаны, Астанамызға ақ-арман Петербордан жеткен ерекше сый және үйлесімділік таба бермейтін табиғат пен адамдар арасындағы ешқашан жоғалмайтын жіпсіз байланыс жайлы фестиваль күнделігінде.
Астана - фотографтың көзімен
«Елорданың дидары» айдарында астаналық кәсіби фотограф Қуанышбек Дүйсенбековтың жұмысымен таныс болыңыздар.
Қуанышбек Дүйсенбеков – Кентау қаласынан 15 жасында келіп болашағын Елорадамен байланыстырған кәсіби фотограф. Фотосуреттері бірнеше рет «National Geographic Qazaqstan» журналында жарияланған.
«Бастау» тобы Hollywood-тан жеңіспен оралды!
Сіз тұратын қала Астанада қандай өзгерістер болып жатыр? Мәселен, ауылшаруашылық жәрмеңкелерінің өтетін орны, жолақысының қымбаттағаны, тұрғындар жинаған қоқысқа ақша төленетіні жайлы білдіңіз бе? Маңызды жаңалықтар туралы толығырақ бүгінгі «Елорданың дидары» айдарынан оқыңыз. Алдымен сүйінші сұрап айтуға лайық жаңалықтан бастағанды жөн көрдік.