Елордамыз Астананың жиырма жылдығының дүбірлеп өткеніне дүйім жұрт куә. Бірі-бірінен өткен, қала тұрғындары мен қонақтарын таң қалдырып, тамсандырып жатқан шаралар керемет демалыс болып қана қоймай, қаяу түскен көңілдерге медет, жабырқаған жандарға жұбаныш, жастарға мереке, халыққа серпіліс сыйлады. Сондай шаралардың ерекшесі Елордаға жасалған тартудың тым әсерлісі болды.
Үш күнге созылған еліміздегі ең алғашқы халықаралық «үнсіздер» театрының көпшілікке қандай үн тастағаны, Астанамызға ақ-арман Петербордан жеткен ерекше сый және үйлесімділік таба бермейтін табиғат пен адамдар арасындағы ешқашан жоғалмайтын жіпсіз байланыс жайлы фестиваль күнделігінде.
ФЕСТИВАЛЬ КҮНДЕЛІГІ
І күн
4-6 шілде аралығында өткізілген І халықаралық «Wide World» - «Ұлы дүние» ерекше театрлар фестивалінің шымылдығы оқушылар сарайы шаңырағында ашылды.
«Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің»,демекші, спектакльдің көкесінің Санкт-Петербург, Мәскеу және Киев қалаларынан келген кереңдер мен мылқаулар ойнайтын ерекше театрларда екендігі алғашқы көрсетілімнен ақ аңғарыла басталды. Фестивальдің өтуіне бастамашы болған қаламызда биыл құрылып отырған «Activ Life» мүгедектер қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасының мәдениет жәнее спорт министрлігі тарапынан қолдау тауып, Елордаға ерекше сый тарту етілді.
«Әлем таныған әсем қала Астанамыздың 20 жылдығы халқымыз үшін айтулы мереке. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Халықтың жаны – өнер мен мәдениет» деген. Ал өнерде шекара жоқ. Дамыған заманда мүмкіндіктеріміздің шектеусіз екендігін білеміз. Бұл мейірімділік пен ізгілікті, парасаттылық пен өнерсүйгіштікті, ерекше қабілетті ұштастырған игі шара деп білемін. Қоғамдық сананы жаңғырту жолында жоғалып кетпес үшін жоғары білімді, жан-жақты дамыған, рухани бай болуымыз керек. Осындай азаматтар ғана бәсекеге қабілетті бола алады. Сондықтан жаңғыруды әрқайсымыздың өзімізден бастауымыз керек.
І халықаралық «Wide World» - «Ұлы дүние» ерекше театрлар фестивалін өткізудегі мақсатымыз да осы», - делінген Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жолдаған хатты министрліктің кинематография және театр өнері басқармасының бас сарапшысы Гүлнафис Мырзашева оқып берді.
QAZIR: алғашқы ерекше фестиваль сіздердің Министрлік тарапынан қолдау тапқанына қуаныштымыз. Алдағы жылдары жоспарлы түрде өткізілетін дәстүрлі шараға айналдыра аламыз ба?
Гүлнафис Мырзашева: өзім де толқып тұрмын қазір. Бұрын-соңды болмаған шара ғой. Алғаш рет бірнеше елдің басын қосатын шара болғалы тұр. Мүгедектердің қоғамға толық интеграциялануы үшін керек-ақ осындай жобалар. Бұл өздерінше бір әлем болып бөлініп алмай, жалпы мәдени кеңістікке кірігіп кетулеріне көмектеседі.
Фестивальдің ашылу салтанаты барысында тілдесе қалғанымызда театрдың құрылтайшысы және демеушісі, қоғам белсендісі Арнұр Ысқақов: «Қазақ саңыраулар қоғамы биыл құрылып, бүгін көрермендер назарына алғашқы қойылымын әкелді. «Қызыл алма» театрымыздың тырнақалды қойылымы, астанамыздың жиырма жылдығына тартуымыз. Қолдау көрсеткен, ым-ишара театрының үнін көпшілікке жеткізуге көмек бергені үшін Министр мырза Арыстанбек Мұхамедиұлына алғыс айтамын», - деді.
QAZIR: Шараның мақсаты, мүмкіндігі шектеулілердің қатысуымен өтіп жатқан түрлі спорттық, мәдени шаралардан ерекшелігі неде?
Арнұр Ысқақов: кеше ғана келген ой емес, көптен жоспарлаған едім. Құлағы естімейтіндердің өзге елдерде кәсіби деңгейде ойнайтын театрлары бар. Ал бізде мүмкіндігі шектеулілермен жұмыс жасайтындар аула деңгейінен немесе белгілі бір үйірмелер аясынан шыға алмай жүр. Менің тағдырластарыма, жалпы мүгедектерге кемтар емес, ерекше деп қарау керек. Олардың арасында тұла бойы талантқа толы тұлғалар бар. Өзге елдің театрларының басын біздің қаланың төрінде қоссақ дейміз. Барынша мұқият дайындалдық.
QAZIR: Ал, Арнұр, іске сәт. Абыроймен өтуіне тілектеспіз. Қалғанын QAZIR өздеріңізбен бірге үш күн бойы тамашалайтын болады.
Саңыраулар қоғамы мүшелерінен құрылған Activ Life-тың алғашқы «Қызыл алма» қойылымы өзбек драматургі Еркін Құшуақовтың пьесасына негізделген. Көрерменнің жүзіне күлкі үйірген спектакль күлкілі емес көп дүние жеткізді. Мәселен, ауласындағы алма бағында жүрген апаның көңілінде бір алаң бар. Немересінің тұрмыс құрар шағы жетті. Жігіттер арасынан жар боларға лайық жан жоқ. Бірі шолжаңдаған байдың баласы, тағы бірі босбелбеу, бірі іске икемсіз, бірінің тәрбиесі мен ортасы келіссіздеу.
Бұлақ басына таңның ертесімен су ішуге барғанда алма тауып алған жігіт, іздеп жүріп сол алма өскен ауланы тауып алып, иесіне алманы қайтармаққа келеді. Кіріп келгенде иіліп тұрып, ізет білдірген бозбаланың кішіпейілділігін бақ иесі бірден байқайды. Ауыл қызының болашақ жарын таңдаудағы қызықты әрекеттері комедиялық жанрда көрсетілді. Ұлттық салт пен дәстүрдің назардан тыс қалмауы тәрбиенің басы болғандай.
Қазақ саңыраулар қоғамының төрағасы Жангелді Рахманұлы баспасөз жиыны барысында: «қазірдің өзінде қаламыз бойынша құлақ және тіл кемістігі бар 500 астам адам ресми тіркеуде тұр, тіркелмегені қаншама. Осындай көрермендер ықыласына әзірленген қойылымдар қай елдікі болса да жүректерге жетуіне тілектеспін. Ал қатысушыларға сәттілік тілеймін!»- деді.
Қол қимылы әлемінің әліпбиін әбден меңгерген, қойылым мәтінін ым-ишара тіліне аударған және дыбыстаған Хасан : «мен бастапқыда мамандық таңдаған кезде мансап пен табысты көздеген емеспін, құлағы мүкіс менің ет-жақыным бар, қажеттілік туындаған соң игерген мамандығым арқылы мінекей, бүгін ел мен елдің, тілді мен тілсіздің арасын жалғаған жаңа жобаның нәтижелі, көрермендерге түсінікті, ал ойнаушыларға ешбір олқылықсыз болуы мақсатында еңбектеніп жатырмын. Ұйымдастырушылардың бұл ұсыныстарына бірден келістім, бұрын-соңды болмаған бастамаға бірнеше ел қатысып отыр. Өзге елдің ым-ишара мектебі мамандарымен пікір алмасып, тәжірибе бөлісіп жатырмын», - деді.
Самал Жантемірқызы да фестивалдің ым-ишара тіліндегі жүргізушісі: «мен шынымды айтайын, оңай болып жатқан жоқ. Себебі ым-ишара мектебі сонау кеңес кезінде қалыптасқан базамен қалды ғой. Ал қазір түрлі слэнг, тіркестер толып жатыр. Солардың мағынасын бұлжытпай, қаз-қалпында еститін құлаққа жеткізу, естімейтін құлаққа көрсету үшін әртістер жүз қайталап дайындалса, мен мың қайталап дайындалдым. Ақпаратты естіген соң ми беретін дабыл арқылы бірден іс-қимыл, түр-тұрпатыммен тұп-тура жеткізу менің басты міндетім, аударманы автоматты деңгейде, ілесе отырып жеткізу керек. Сахнада тұрып барлап қоямын, тамашалушылардың мимикаларынан, қас-қабағының қозғалысынан ойнаушылардың ойларының еститіндерге де, естімейтіндерге де дұрыс жетіп жатқаны қуантады».
Сахна арты қайнаған қазандай. Алғашқы рет сахналанды, әртістер де алғаш рет ойнап шықты. Құрамында кіл кәсіби әртістер ойнап жүргендіктен мәскеулік «Недослов» театры ұжымының пікірін білгіміз келді. Директоры Бидный Сергейді іздеп таптық.
QAZIR: Сергей, нам известно, что актеры вашей труппы – выпускники Российской специализированной государственной академии искусств. То есть профессиональные актеры и актрисы, которые представят зрителям спектакль «Здесь птицы не поют...». Столичный театр только открылся, будет ли борьба равной, как думаете?
Бидный Сергей: Разумеется! Настоящие профессионалы должны состязаться только в равных боях. Наш театр «Недослов» создан в 2003 году на базе выпускного курса РСГАИ. В нашем репертуаре 10 спектаклей, пьес. В труппе играют больше 20 человек. Приехали посмотреть, кто может лучше наших актеров говорить со зрителем на языке жестов. Мы приехали на театральный праздник. Хотим пожелать успехов и удачи Актив-Лайф, а также поздравить Астану с двадцатилетием! Если не считать городов России, мы с гастролями побывали в Шотландии, в США, в канадском Торонто, а в Астане наш театр впервые. Процветания вашей стране. Желаю, чтобы в этом чудесном городе каждый миг почувствовать вдохновение и стремился только вперед!
QAZIR: Спасибо Сергей. Увидимся завтра!
ІІ күн
Екінші күнді бастаған кіл кәсіби әртістерден құралған «Недослов» театры сұрапыл соғыс жылдарының жаңғыры болып көрінгендей қойылымды көрермендерге тарту етті. «Здесь птицы не поют...». Бір-бірімен қоштасу, көрісу мен көз жазып қалу, баладан айырылған ана, әкесін майданнан күткен бала, оққа кеудесін тосқан сарбаздар, қайтпай қалған жауынгерлер оқиғасын баяндаған бұл қойылым барысында көзіне жас алғандар көп болды. Соғыс жылдары жазылған сүйікті әндермен әсерлене түскен қойылым барысында өзіміз де бір тебіреніп алдық. Театрдың ым-ишара тілін қоюшы Варвара Ромашкинаға сауалымыз болды.
QAZIR: Варвара, представление было потрясающим. Как ставятся жесты?
Варвара Ромашкина: Вы видите только финальный результат, а работа проделывается колоссальная. Чтобы работать как единый организм необходимо любить это дело. Постановщик жестов, танца, света, сурдопереводчик и даже говорящий и слышащий педагог, все должны работать как единый организм. Вот как мы это делаем: берем текст, садимся все за стол и разбираем его на жест, затем учим и под композиции «ложим» на счет. Молодому театру, как «Актив Лайф» желаю терпения и любви. Для первого представления я бы назвала их работу вполне удовлетворительной. Жестовый язык лично мне показался немного иным, об этом мы с сурдопереводчиками ещё поговорим.
QAZIR: Спасибо за пожелания и дельные советы, Варвара!
Қойылым аяқтала сала қазылар алқасының мүшесінің пікірін білуге асықтық. Жюри мүшесі, театртанушы, сыншы, Қырғыз Республикасының мәдениет қызметінің үздігі, «Акайын» жас дарындарды қолдау және ұлттық мәдениет пен өнерді дамыту қоғамдық қорының көркемдік жетекшісі Турдубекова Элеонора Маратовна: көрініп-ақ тұр ғой, кәсіби әртіс екендері. Мен көрермен ретінде айтайыншы пікірді.
QAZIR: әрине, мархабат.
Элеонора Маратовна: алғысым шексіз актерлік құрамға және олармен жұмыс жасаған барлық мамандарға. Мен соғысқа аттанған адамдар оралмаған отбасында өскенмін, үлкен атамыз қайтпаған екен. Кейіннен үйдегі үлкендердің айтуы бойынша білемін, соғыстың қандай сұрапыл болғанын. Бүгін мына дыбыстар, костюмдер, жарық және қыздардың мөлдіреген жанарлары менің жүрегіме жеткізді. Рахмет.
QAZIR: бағалау қандай критерийлер бойынша жүргізіліп жатыр?
Элеонора Маратовна: сахналық костюмнен, жүріс-тұрыстан бастап, жарықтың қойылуы мен режиссерлік шешімдер бағаланады.
Ал енді Санкт-Петербургтан келіп жеткен саңыраулар театрының «Любовь по-петербургский» спектаклін тамашалайық. Айта кетейік, бұл Ресей бойынша алғаш рет саңырау режиссер құрған театр. Театр саңырау әртістерге ғана ғана емес, кәсіби режиссерлер мен әртістерге де арналған. Ресей театр қызметкерлері Одағы грантының иегерлері. Трагикомедия басталғаннан-ақ зәулім коттеджде тұратын отбасының кіші қызы әкесін кімнің өлтіргенін тергеумен болады. Жау алыстан келмес дегендей, ең алдымен үй ішіндегілер күдікке ілінеді.
Роберт Томның «8 любящих женщин» туындысы негізінде дайындалған қойылымның қаншалықты сәтті болғандығын қазылар алқасының мүшесі, театртанушы, сыншы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, халықаралық театр сыншылары қауымдастығының мүшесі (ІАТС), М.Әуезов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Еркебай Анар Саимжанқызынан сұрап көрдік.
QAZIR: қайырлы күн! Кешеден бері небір туындылар тамашалап жатырмыз. Бүгінгі Петербург ұсынған спектакль, әртістерінің шеберлігі жайлы ойыңыз қандай? Актив-Лайф қандай қасиетін іліп алса екен дейсіз?
Анар Саимжанқызы: бұл ұжымға жинақылық керек деп ойлаймын.
QAZIR: арасында мүлде естімейтіндер, өте нашар еститіндер, мүкіс құлақтылар мен таза тілсіздер бар театр. Дәстүрлі театр актерлеріне, режиссерлеріне қойылатын шарттармен, қатаң талап қойылған жоқ па?
Анар Саимжанқызы: бұл – театр, бұл – өнер, әркім өзінің мойнына алған рөлін мінсіз ойнауға міндетті, ал егер арқаң қатпаса мұндай шоқпарды көтермеу керек еді. Талап бәріне ортақ. Кеше ашылған Актив-Лайфқа да, қанша жыл сахнада жүрген киевтік ұжымға да.
QAZIR: пікіріңізге рахмет.
Енді кезек бойынша Киевтен келген «Радуга» ым-ишарат театры ұсынатын «Лесная феерия». Басталмас бұрын QAZIR театр жетекшісі Гончаренко Владимир Михайловичпен сөйлесті.
QAZIR: Добро пожаловать в Казахстан, добро пожаловать в Астану! Владимир, какие у вас ожидания от фестиваля? Какую постановку привезли?
Владимир Михайлович: Спасибо! Красивый город, красивые и добрые люди! Утром прилетели, а вечером я уже влюблен в город! В качестве презента по случаю двадцатилетия Астаны мы привезли «Лесную феерию». Мой родной язык украинский, а язык жестов и мимики – мой второй родной язык. Я могу не знать казахский, китайский или английский, а язык жестов уникален и универсален. Видите, такие театры стирают границы, языковые барьеры. Это здорово.
QAZIR: действительно, это здорово! Вы влюбились в нашу столицу, а я влюбилась в одного актера из вашей труппы. О чём спектакль расскажет зрителям?
Владимир Михайлович: это пластическая драма по мотивам поэмы Леси Украинки. И тот, в кого вы влюбились, исполнит главную роль – Лукаша (Владимир Ковал). Спектакль подготовлен так, что мы представляем его как неслышащим зрителям, так и слышащим зрителям. Отношение человека к природе не всегда гармоничное. Люди часто воспринимают природу как инструмент, чтобы сделать свою жизнь лучше. В образе Мавки мы увидим беззащитную природу.
QAZIR: Владимир, спасибо Вам огромное. Уверена, что фестиваль станет международной площадкой для развития этого особенного вида искусства, для личностного, профессионального роста каждого актера. Удачи и успехов в творчестве.
Айтса айтқандай-ақ, «Лесная феерия» шымылдығы түрілген сәттен жүректі селт еткізген жағымды әуен бойыңды баурап табиғат әлеміне әкетті. Табиғат ананың қай құбылысқа қарамастан ауысып жатқан қысы, жазы, күзі мен көктемі жылжып-ағып жатқанда адамдар арпалысы бір сәт тоқтаған жоқ. Тылсым күш пен тұмса табиғаттың көріністері тамырды шымырлатқан әуенге оралғанда тұңғиықта кете барасың. Жақ ашпайтын әртістердің жан-дүниені осынша тербейтін сезімдерге бөлегені бір бөлек, үндемесе де жанарларынан атқан жалын жүрегіңе жетіп барғанда...кейбір тілмен жеткізе алмайтын дүниелерді ұқтырады-ау, шіркін.
«Ымға түсінбеген дымға түсінбейді», демекші, осындай әсерлі болған қойылымнан соң әртістермен де, көрермендермен де ұзақ әңгімелестік, сурдоаудармасыз-ақ түсінісіп жатырмыз. Келген көрермендер де ой бөлісті.
Сандуғаш: жасым 33 келді. Өте қуанып, толқып, тебіреніп тұрмын. Бізде де қойылымды ел қатарлы театрға барып тамашалайтын мүмкіндік туды. Алғыстан басқа айтарым жоқ. Ұйымдастырушыларға, шақыртуға келген театрларға көп рахмет. Астана күніне орай сый ретінде бірнеше спектакльдерін әкелген екен. Бұл ерекше сыйлық. Бұл қайталанбайтын сыйлық. Бұл - мені мезі қылған күнделікті тірлікті ұмыттырған күн болды.
Салим: Қала күні мерекесі құтты болсын! Мен тек кітап оқимын, титры болмаса фильм қарау да мүмкін емес. Мынадай шара бізді бір қуантып тастады ғой. Қала күнінде алаң толы қыз-жігіттер, мен не ести алмай, не түсіне алмай қиналатын едім. Жасым жиырмада болса да үйден шықпаймын. Жақсы болды, ертең де келіп, ешқайда қыдырмай, осы жерде демалатын боламын. Маған қатты ұнады. Бұл тек бір рет қана өткізіліп, қалып қоймаса болды.
ІІІ күн
Кешегі күннің әсерінен әлі арылмаған болсақ керек, бүгін ерте келдік. Фестиваль қорытындысы жасалатын, жақсылық пен ізге бастаманың алғашқы қадамның бағаланатын, қателіктер сараланатын күн. Әртіс түгіл өзім де толқып жүрміз. Сыншы емеспіз, көрермен ретінде көзайым болысып қалдық. Ғашық жігітті шақырып алып, сәті келіп тұрғанда сурдоаудармашы болмаса да сұхбаттасып алайық.
QAZIR: Владимир, поздравляю вас, выступление было не просто спектаклем, а настоящем погружением в лесную сказку.
Владимир Коваль: спасибо зрителям за прием. Я старался очень.
QAZIR: это ваш первый визит в Казахстан?
Владимир Коваль: да, я впервые здесь. Вчера удалось погулять по городу. Я был сильно удивлен, даже не думал и не знал, что такой красивый, современный и чистый город, где-то есть. Оказывается это именинница Астана. Процветания и мирного неба над головой Казахстану. Люди здесь очень добрые, открытые, улыбчивые.
QAZIR: Как удается столь пластично танцевать, при этом одновременно «говорить» на языке жестов, а также устанавливать зрительный контакт со зрителями?
Владимир Коваль: это тренировки, репетиции. Все ресурсы неслыщащего актера более консолидированы, собраны, силы более целенаправленны. Запах, краска, прикосновение, взгляд запоминаются более точно, это все выдается на сцене, можно сказать, что и сердцем и умом острее все происходящее ощущает.
QAZIR: спасибо большое, Владимир. Желаю прекрасных и желанных ролей тебе, легкого перевоплощения в нужные образы и нескончаемого потока энергии.
Фестивалдің үшінші күнінде алғашқы күннен-ақ аса біліктіліктерімен көзге түскен мәскеулік театр Н.В.Гогольдің «Женитьбасын» қойса, кеше күллі көрерменді жерден көкке, көктен жерге кезек-кезек тасыған киевтіктер «Рейс 13-13» спектаклін ұсынды, ал Санкт-Петербург саңыраулар театры Гогольдің «Ревизорына» негізделген «Гость Х» қойылымын тарту етті.
Қазылар алқасы қорытынды шешім қабылдағанша, ақ-арман Петербор әнін Астана күніне тарту еткен ұжымның диктор-аудармашысы Аннадан сұрадық:
QAZIR: Аня, а может быть вы включали магнитофон с записью?
Анна Глазовская: нет, ни диктофона, ни кассеты, ни магнитофона. Для слышащих зрителей я озвучила весь спектакль.
QAZIR: все роли?
Анна Глазовская: да, в рамках одного «Гостя Х» озвучила все роли.
QAZIR: голоса героев, даже их интонации ведь различаются...
Анна Глазовская: да. Для этих целей тренирую голос, готовлюсь к каждому выступлению вместе с артистами.
Мінекей, мінбеге қазылар алқасының Төрағасы, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақ ұлттық Өнер университетінің режиссура және актерлік шеберлік кафедрасының профессоры Тәпенов Ерсайын шықты. Барлық қатысушы театр ұжымдары І халықаралық «Wide World» - «Ұлы дүние» ерекше театрлар фестивалінің лауреаты естеліктерімен марапатталды. Қатысушылардың ұйымдастырушыларға, ұйымдастырушының қатысушыларға арналған алғыс хаттары мен гүл шоқтары табысталды.
Сонымен, қорытынды:
Астаналық «Activ Life» ұжымының әртісі «Үздік әйел бейнесі» Ерғали Гүлжайнаға бұйырса, «Үздік ер бейнесін» ат терлетіп Киевтен келген Владимир Коваль иеленді. Мен ғашық болып отырған музыкант-романтикке, анау қызыл алмада ауыл әжесінен айнымай қалған қызға бұйырғанына өзім бәйге алғандай қуандым. Әрі қарай: «Үздік режиссерлік жұмыс» аталымы бойынша жүлде қаншама сынның астында қалса да «Гость Х» спектакліне берілді. Ал жүлделер басы, «Үздік қойылым» бәйгесін қанжығасына Мәскеудің «Недослов» театры «Женитьбасы» үшін байлады.
Осымен еліміздегі ерекше театрлардың І халықаралық «Wide World» - «Ұлы дүние» ерекше театрлар фестивалінің 3 күндік күнделігі тәмам. Алдағы уақытта дәстүрге айналатын бастама боларына сенеміз.
Фестиваль күнделігін дайындаған Жаннат Манасбайқызы