Кристиан Теллингер: «Біздің ата-бабаларымыз да жүйрік баптап, құс салған...»
Кристиан Теллингер – ұлты мажар, бірнеше жыл Украинаның Закарпатье аумағында тұрған. Орыс, украин, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді. Ғылымнан басқа, кәсіби әншілікпен айналысады. Бірнеше халықаралық музыкалық жобаларға қатысқан, сонымен қатар қылыштасу, садақ ату сынды ұлттық қару өнерін меңгерген.
«Зерделіден» бастау алған арманыңдағы мамандықты таңдау...
Жексенбі күні «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығы ұйымдастырған «Zerdeli Meetup», яғни 11 сынып оқушыларына арналған «Арманыңдағы мамандық» іс-шарасына қатысудың сәті түсті. Бұған дейін елордалық оқушылардың түрлі пәндік олимпиадаларда жеңіске жетуіне және ҰБТ-ге дайындық, Назарбаев зияткерлік мектебі мен білім-инновациялық лицейлеріне түсуге септігін тигізіп отырған орталық жайлы жиі еститін едім. Сонымен «сабақты ине сәтімен», демекші орталықтың оқушыларымен жүздесіп, әрі олармен кездесуге келген түрлі салада табысқа жеткен жастардың ойын тыңдауға да мүмкіндік болды.
Берік Әбдіғали, саясаттанушы: Мақсатымыз- тар заманғы күрескерлік рухты жеткізу
Тәуелсіздікке ширек ғасырдан асқан кезеңде өткенімізге көз салсақ, алдыңғы толқын күрескерлердің үш тағанын көре аламыз. Алаш қайраткерлері , «қызыл сұңқарлар» һәм Кейкі батыр сынды баһадүрлер... Міне, осылардың ел мүддесі, ұлттың азаттығы жолындағы тарихи іс-қимылдары хақында сөз етіп көрейік . Бұл туралы белгілі тарихшы, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Берік Әбдіғалимен сұхбаттан оқи аласыздар.
Жастар жаңашылдықты қалайды
«Жүректе қайрат болмаса» айдарының жылдық қорытынды саны жақында Qazir тілшілері іссапарда болған Қарағанды жастарының ой-толғамдарына арналмақ.
Майра Абдрахманова: Тұлға тәрбиелеуде тәлімгердің орны бөлек...
«Тәлімгер - ол табиғатынан Көшбасшы болуы керек. Оқушылар арасында беделге ие болу үшін Тәлімгердің өзі білімді, тәрбиелі, саяси бұғанасы бекіген, жағымпаздық пен жемқорлықтан ада, өр тұлға болуы шарт». Жасұландар тәрбиесіндегі тәлімгерлердің орны жайлы бүгінгі «Жүректе қайрат болмаса» айдарында.
Әкім Ысқақ: «Өмір - қашанда қазынаға толы алтын сандық»
Әр аптаның сенбі күні «Жүректе қайрат болмаса» айдарында Qazir оқырмандарына алтын сандықтағы асыл қазынадан келешегіңе темірқазықтай бағыт беріп, жан дүниеңді жарқыратар жазбалардан үзінділер жариялап отырмақпыз. Алдымен, ақын зерек те зерделі жан ғана сандықтың кілтін аша алады деп нені меңзеді екен,оқырманға арнаудан ой түйіп көрейік...