Мират Жакеев: Арманым - әлем чемпионатында алғашқы үштікке кіру
Тарихы тереңнен бастау алатын дойбы ойыны сонау 19 ғасырларда қазақ даласында кеңінен тарағандығы айтылады. Оған дәлел, қазақтардан сол заманда дойбыдан алғашқы чемпион, ұлы Абайдың немересі Әрхам Кәкітайұлы Ысқақовтың болғандығы. Содан бері елімізде, діттеген биігіңе зерделі ойыңды сабақтай отырып жетуге жетелейтін дойбы ойыны арқылы танылған спорт шеберлері аз емес. Сондай бүгінгі ел мақтаныштарының бірі, дойбыдан әлемнің 9 дүркін чемпионы, Азия біріншілігінде қазақтың тұңғыш гроссмейстері атанған замандасымыз Мират Жакеевпен, бүгінгі «Замандас» айдарынан таныса аласыздар.
Арнұр Ысқақов: Өмірге, арманға және адамға ғашықпын...
«Батыл жігіт жол бастар, батыр жігіт қол бастар»,- демей ме дана халық. Шекесіне қандай тас тисе де талмай ізденіп, еңбектеніп, құлап-сүрініп қайта тұрған Арнұр Ысқақов ең тәтті әуен, тылсым толғаныс, өртейтін сезім және жарың мен жақыныңа деген сенім жайында.
Арман Ақбердиев: Бизнес және бейресми білім жайында
Консалтингтік қызмет көрсету, персоналды басқару, FMCG, маркетинг және PR, қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша он жылдан астам тәжірибесі бар, ментор, кәсіпкерлік пен коммуникация қалыптастырудың қыр-сырын білетін білікті бизнес-тренер, әкеден ерте қалғанына қарамастан жанұясына бас бола білген Арман Ақбердиев QAZIR-де қонақта.
ӨЗГЕ ӘҢГІМЕ
Бүгінгі «Сырласқым келеді» айдарында трендке айналған «оқу» барысы және кітаптың коммуникативтік игіліктері жайлы - Ислам Сұңқар.
Ғылым жолы тазалық пен шыдамдылықты қажет етеді
Сонау қиын-қыстау кезеңдері де ғылыммен айналысып, елге танылған Шоқан, одан бергі советтік кезеңде еңбегімен еленген Әлкей Марғұлан, бүгінгінің ел таныған археолог-ғалымы Зейнолла Самашев сынды ғалымдарымыздың есімі ел есінде. Осындай ғұламаларымыздың сара жолын бүгінгі жас ғалымдарымыз жалғауда. Олардың бірі-археолог, тарихшы Рахымжанов Қалжан Қайратұлы. Міне, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласының тумасы,қазіргі уақытта Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің PhD докторанты атанған Қалжан, бүгінгі «Замандас» айдарының кейіпкері.
Жүректе қайрат болмаса
«Жүректе қайрат болмаса» айдарын ашқандағы мақсатымыз- қазіргі қоғам сұранысына жауап беретін, жаңашыл идеялардың иесі, өркениет көшінде озық елдердің қатарында жүруде көшбасшы бола білетін жастарды іздеп табу және олардың өзіндік ұстанымдарын көпшілікке жеткізу болатын.