«Жүректе қайрат болмаса» айдарын ашқандағы мақсатымыз- қазіргі қоғам сұранысына жауап беретін, жаңашыл идеялардың иесі, өркениет көшінде озық елдердің қатарында жүруде көшбасшы бола білетін жастарды іздеп табу және олардың өзіндік ұстанымдарын көпшілікке жеткізу болатын.
Алдына үлкен мақсат қойып, жаңашылдығымен өзгеге өнеге бола білетін, 9-сыныптың оқушысы Аңсаған Абзалұлының сұхбаты мен болашаққа мақсаттары жайлы ең алғашқы материалымызды ұсынған болатынбыз.
Хартститч компаниясында зерттеу және дамыту инженері Ерқанат Нұрмахановтай зерделі жастың ой-толғамдарын оқырман жылы қабылдады. Толығырақ.
«Мамандығым адам тәнін емдейтін дәрігер болғанымен мен бүгінде Тіл дәрігерімін» деген, бірнеше тілді меңгерген кәріс жігіті Тен Владиславтың сұхбаты көпшілікке үлкен ой тастағаны анық.
Күн-түн демей, елінің ішкі тыныштығын бақылап, қылмысқа қарсы күресте табандылық танытып, түрлі апатты жағдайларда өз бастарын қауіпке тігетін мамандық иелері, «Бүгінгі күннің батырлары» жайлы «Qazir» оқырмандарына Петропавл қаласының полиция сержанты Сұлтан Қуанышевтың батылдығымен тағы бір танысуды ұсынады. Толығырақ.
100 жаңа есім жобасының жеңімпазы, мүгедектерге арналған еліміздегі ең алғашқы спорттық оңалту орталығының ашылуына бастамашы болған, 19 жасында көлік апатынан мойын омыртқаларын қатты зақымдап, арбаға таңылып қалған талдықорғандық Елдос Баялышбаевтың Qazir-ге айтқан әсерлі әңгімесі. Толығырақ.
«Мен мойығанда біреу маған ат мінгізер ме еді, шапан жабар ма еді?! Бұл менің сынағым ғой, айтып кеттім емес пе?! Сынаққа барынша сабырмен қарау керек. Бұл менің күресім. Палуан жығылса тұрмай ма – тұрады. Жамбастап атып ұрудың сәті түспесе, аяқтан шалып көреді, болмаса белдесіп көреді. Сол сияқты мен де күрестің түрлі айласын жасап келемін, жасай беремін».Толығырақ.
«Батыл жігіт жол бастар, батыр жігіт қол бастар»,- демей ме дана халық. Шекесіне қандай тас тисе де талмай ізденіп, еңбектеніп, құлап-сүрініп қайта тұрған Арнұр Ысқақов ең тәтті әуен, тылсым толғаныс, өртейтін сезім және жарың мен жақыныңа деген сенім жайында. Толығырақ.
Бүгінгі күні ресми білімнен бөлек өмірлік маңызы бар дағдыларды үйрететін, тұлғаның жан-жақты қырын ашатын, инновациялық әдістердің үзіліссіз үрдістеріне қатысу үшін белгілі білім-білігі бар маманға қажетті психологиялық, рухани, адами және мәдени, коммуникативтік дағдыларды үйрететін білімнің озық үлгісі жайында не білеміз? Әлем бойынша дамыған үздік елдердің отыздығына енуге бағытталған ғылыми, инновациялық, өнеркәсіптік, технологиялық жаңғыру платформаларының тоғысында тұрған еліміз үшін қай саланың маманы болмасын бәсекеге қабілетінің жоғары болуы шарт. Қабілеттіліктің жоғарылығын арттырудың қандай жолдары бар? Бейресми білімнің басымдығы қандай сияқты сұрақтарға жауап берген консалтингтік қызмет көрсету, персоналды басқару, FMCG, маркетинг және PR, қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тәжірибелі маман, ментор, білікті бизнес-тренер Арман Ақбердиев. Толығырақ.
Qazir алдағы уақытта аталған айдар бойынша кейіпкерлермен таныстыруды жалғастыра бермек.