Қадірлі оқырман, биылғы жылдың 1-ші шілдесінен бастап, жәрдемақы тағайындау жүйесіне өзгеріс енгізілгені өздеріңізге белгілі.Қазіргі уақытта «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 25 маусымдағы №63 заңына өзгерістер мен толықтырулар әзірленген.
Енді осы жаңа қызмет - туғанынан бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының тағайындалуы туралы біз, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Игембаева Сәуле Зарубекқызынан сұрап білген едік.
-Сауле Зарубекқызы, 1-ші топтағы мүгедек баланың күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы алуы үшін адамдар қайда өтініш берулері керек?
-Бұнда жәрдемақы тағайындау туралы өтініштері Заңмен қарастырылған. Ондай мүмкіндігі шектеулі жандарды күтіп-бағып отырған адамдардардың:
- тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға;
- электронды үкіметтің порталы (ЭҮП) арқылы;
- тұрғылықтыжеріндегі МӘСбөлімшесіне бала кезінен І-топ мүгедектікті алғашқы белгілеу кезінде жүгінуі қарастырылған.
Бұл жерде, егер арызданушы өзі жүгінуге мүмкіндік болмаған жағдайда, жәрдемақы тағайындау туралы өтініш беруді заңнамамен белгіленген тәртіпте сенімхат негізінде басқа адамдарды өкіл етуге құқығы бар.
- Ал жәрдемақы тағайындау рәсімі қандай?
Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімі бойынша тағайындалатын жәрдемақы- бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің өзі немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедектіктігі белгіленген кезеңге оның заңды өкілінің жүгіну күнінен бастап тағайындалады. Және де егер отбасында екі және одан көп бала кезінен бірінші топтағы мүгедек тұрып жатқан жағдайда, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы олардың әрқайсысына тағайындалады және төленеді.
Тағы да қосымша айтып кететін жәйт, егер бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді бірнеше адам жүзеге асырған жағдайда, жәрдемақы осы адамдардың біреуіне ғана тағайындалып төленеді. Сондай-ақ егер, бала кезінен бірінші топтағы мүгедек немесе оның заңды өкілі күтімді жүзеге асыратын адамды ауыстыратын болса, онда ол ауыстыратындығы туралы өтінішпен күнтізбелік жыл ішінде екі реттен асырмай жүгінуге құқығы бар.
-Ал осындай туғанынан мүмкіндігі шектеулі балаларды қарап, күту көрсетілген тәртіп бойынша қалай жасалуы тиіс?
-Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім мынадай әрекеттермен жүзеге асырылуы тиіс:
Біріншіден, күтімді жүзеге асыратын адам мен бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің бір елді мекенде бірге тұруы шарт;
Екіншіден, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің бірнеше қажеттілігін тәулікте бір және бір реттен көп орындау үшін күтімді жүзеге асыратын адамның көмегі туындайтыны белгілі. Ол қажеттіліктер: жеке гигиенаны сақтауда, киінуде, тамақ ішуде, физиологиялық қажеттерін орындауда, тұратын жерінен межелі пунктке дейін және қайтар жолда еріп жүруде күтушінің көмек беруі шарт.
-Сауле ханым, ал қандай жағдайда аталмыш жәрдемақы тағайындалмайды?
-Егер бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы: кәмелетке толмаған, сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған және психиатриялық немесе наркологиялық диспансерде есепте тұратын адамдарға тағайындалмайды.
-Жүріп-тұруы қиын, бала кезінен бірінші топтағы мүгедек үшін, оған күтімді жүзеге асыратын адамға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған және төленген кезде жеке көмекшінің әлеуметтік қызметі ұсынылады ма?
-Жоқ, ондай жағдайда жеке көмекшінің әлеуметтік қызметі ұсынылмайды.
-Ал тағайындалған жәрдемақы көлемі қандай?
Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекті күту бойынша жәрдемақы көлемі - 1,05 ең төмен күнкөріс деңгейдегі 29699 теңгені құрайды.
-Осы жәрдемақы тағайындауда өтініш беруші үшін құжаттардың тізбесі қандай?
-Олар; өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат. Ол – сәйкестендіру үшін, екіншісі; бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке қамқоршылық, қорғаншылық белгілеген жағдайда соны растайтын құжат қажет.
Одан бөлек бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асырушы деп анықталған адам үшін:
1-ші, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатты – сәйкестендіру үшін.
Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жөніндегі жәрдемақы тағайындауға оралман мәртебесі бар адамдар өтініш берген жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін оралман куәлігінің көшірмесін тапсырады;
2-ші, банк шотының номірі туралы мәліметтерді растайтын құжат өткізуі тиіс.
Ол жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымға – сәйкестендіру үшін;
3-ші, психикалық денсаулық орталығында есепте тұру фактісінің жоқтығы туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесінде тексеріледі;
4-ші, бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асырушының әрекетке қабілеттілігі туралы мәліметтері жеке басын куәландыратын құжат бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалар деректерінің мемлекеттік базасы» ақпараттық жүйесінде тексеріледі;
Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасаған адамға жәрдемақы тағайындау үшін өтініш берушінің және бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асырушы деп анықталған адамның тұрғылықты жерін растайтын құжаттарды тапсыру қажет. Бұл екеуінің бір елді мекенде тұратындығын растау үшін тапсырылады. Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке қамқорлықты белгілеу, сондай-ақ қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне жасалған сауалдарға сәйкес аталған құжаттарда қамтылған ақпараты расталған кезде, бала кезінен бірінші топтағы мүгедек туралы анықтамасы талап етілмейді.
-Ал осы жәрдемақыны төлеу қандай жағдайда тоқтатылады?
Жәрдемақы төлеудің тоқтатылуына;
1-ші, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің немесе оның заңды өкілінің немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамның өтініші;
2-ші, жәрдемақының заңсыз тағайындалуына әкеп соққан күмәнді мәліметтердің ұсынылуы;
3-ші, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің немесе оған күтімді жүзеге асыратын адамның қайтыс болуы;
4-ші. бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің немесе оған күтімді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасының шегінен тұрақты тұрғылықты жерге кетуі;
5-шіден, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің мүгедектік тобының өзгеруі негізі болып табылады.
Салтанат Сәдібекқызы.