Дәстүр жалғастығы
Бүгінгі «Жүректе қайрат болмаса» айдарында алдына үлкен мақсат қойып, жаңашылдығымен өзгеге өнеге бола білетін жастар жайлы таныстырмақпыз.
Жүректегі қайратты сәулелі іске бағыттай білу керек
Біздің «Жүректе қайрат болмаса» айдарын ашқандағы мақсатымыз- қазіргі қоғам сұранысына жауап беретін, жаңашыл идеялардың иесі , өркениет көшінде озық елдердің қатарында жүруде көшбасшы бола білетін жастарды іздеп табу және олардың өзіндік ұстанымдарын көпшілікке жеткізу болатын. Qazir бүгін сіздерге біздің осы талабымызға сай келетін, Ерқанат Нұрмахановтай зерделі жастың ой-толғамдарын алғаш жариялап отыр.
Владислав Тен: «Алдымен адам дәрігерімін, екінші тілдің дәрігері болып жүрмін»
«Мен грамматиканы 100 пайыз, фонетикасын дыбыстық жүйені 100 пайыз меңгердім деп толық сеніммен айта аламын. Тіпті қазақтар арасынан үндестік заңын білмейтіндер бар. Ал мен оны білемін деп мақтана аламын» Осы пікірдің егесі Владислав Тен туралы толығырақ бүгінгі «Жүректе қайрат болмаса» айдарынан оқи аласыздар.
Бүгінгі күннің батырлары
-Олар күн-түн демей, елінің ішкі тыныштығын бақылап, қылмысқа қарсы күресте табандылық танытып, түрлі апатты жағдайларда өз бастарын қауіпке тігетін мамандық иелері.
Иә, қан төгісі жоқ, бейбіт елде тұрып жатқанымызбен түрлі айтып келмейтін апаттардың кесірінен қызмет бабымен жүріп көз жұмғандары да қаншама.
Міне, осындай өз қызметтерінде жасаған ерліктерін, ерлік емес міндетіміз деп санап жүрген полиция қызметкерлерін «Бүгінгі күннің батырлары» деуге әбден лайық.
Сондықтан, құрметті «Qazir» оқырмандары біз бүгін өздеріңізге полиция қызметкерлерінің алдағы 23-ші маусым төл мерекесі күндеріне орай осындай ерлігімен көзге түскен бірнеше батырлардың ісін дәріптеуді жөн көрдік...
Елдос Баялышбаев: Мен үшін мүмкін емес нәрсе жоқ!
100 жаңа есім жобасының жеңімпазы, мүгедектерге арналған еліміздегі ең алғашқы спорттық оңалту орталығының ашылуына бастамашы болған, 19 жасында көлік апатынан мойын омыртқаларын қатты зақымдап, арбаға таңылып қалған талдықорғандық Елдос Баялышбаевты Qazir бүгін еркін әңгімеге шақырды. Сонымен, «Жүректе қайрат болмаса» айдарындағы сұхбат сіздерге ой салар деп сенеміз.
Нұрболат Қарабасов: «Жүректе иман,ортаңа пайдаң болуы керек»
«Мен мойығанда біреу маған ат мінгізер ме еді, шапан жабар ма еді?! Бұл менің сынағым ғой, айтып кеттім емес пе?! Сынаққа барынша сабырмен қарау керек. Бұл менің күресім. Палуан жығылса тұрмай ма – тұрады. Жамбастап атып ұрудың сәті түспесе, аяқтан шалып көреді, болмаса белдесіп көреді. Сол сияқты мен де күрестің түрлі айласын жасап келемін, жасай беремін». Осы сөздің егесі жайлы толығырақ «Жүректе қайрат болмаса» айдарынан таныса аласыздар.
Арнұр Ысқақов: Өмірге, арманға және адамға ғашықпын...
«Батыл жігіт жол бастар, батыр жігіт қол бастар»,- демей ме дана халық. Шекесіне қандай тас тисе де талмай ізденіп, еңбектеніп, құлап-сүрініп қайта тұрған Арнұр Ысқақов ең тәтті әуен, тылсым толғаныс, өртейтін сезім және жарың мен жақыныңа деген сенім жайында.
Арман Ақбердиев: Бизнес және бейресми білім жайында
Консалтингтік қызмет көрсету, персоналды басқару, FMCG, маркетинг және PR, қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша он жылдан астам тәжірибесі бар, ментор, кәсіпкерлік пен коммуникация қалыптастырудың қыр-сырын білетін білікті бизнес-тренер, әкеден ерте қалғанына қарамастан жанұясына бас бола білген Арман Ақбердиев QAZIR-де қонақта.
Жүректе қайрат болмаса
«Жүректе қайрат болмаса» айдарын ашқандағы мақсатымыз- қазіргі қоғам сұранысына жауап беретін, жаңашыл идеялардың иесі, өркениет көшінде озық елдердің қатарында жүруде көшбасшы бола білетін жастарды іздеп табу және олардың өзіндік ұстанымдарын көпшілікке жеткізу болатын.
Нұрлыбай Наурызбаев: "ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫСТЫ ДА ЖАҢҒЫРТУ КЕРЕК"
Кемел келешек, жарқын болашақ пен ел ертеңі жастардың қолында. Олардың білімді де білікті, бәсекеге қабілетті һәм құзырлы, жасампаз болуларының алғышарттары қандай? Саясат, ғылым мен білім, өркениет пен мәдениет салаларының жаңа мүмкіндіктерін сапалы қолданудың қандай амалдары бар? Ұлттық жастармен жұмыс жөніндегі тренерлер пулының мүшесі, "Жастар қызметкерлері қоғамдастығы" ҚБ Кеңес төрағасы Нұрлыбай Наурызбаев QAZIR-де қонақта.
Аида Сыздықова: Көңілім көктемді қалайды...
Жиырма бірінші ғасыр жастарының азаматтық белсенділігі дегенде бірден олардың тұлғалық интеграциялық қасиеттерін таразылаймыз. Ал бұның негізі әр тұлғаның адамгершілік қасиеттері, бейсана түрде бекіген азаматтық сенімдері мен қоғамның мүшесі екендігін елейтін жағдаяттар. Жас келсе іске деген. Қоғам мүддесі үшін жастардың мақсатқа бағытталған белсенді әрекеттері қандай? Қазақстан жастары Конгресінің баспасөз хатшысы Аида Сыздықова - азаматтық қоғам құрудың алғышарттары, оған Қазақстанның дайындығы, жастардың белсенділігі мен Конгресс туралы бүгінгі «Жүректе қайрат болмаса» айдарында.
Нағыз маман жарнамасыз-ақ ел аузында жүреді
Google MAP-тың беделді сарапшысы, жергілікті қызмет көрсету сапасы мен сервистің сәйкестігі бойынша тәуелсіз түрде білдірген пікірін 1,5 миллионнан астам адам қараған Қалмағамбетова Айнұрмен QAZIR сервис, стратегиялық бағдар, құндылықтар, клиенттер мен компаниялардың «алтын сақасы» туралы әңгіме өрбітті.
Qazir кейіпкерлерінің өзгеше ұстанымдары мен ойлары
Құрметті оқырман, өткен жұмада ғана QAZIR өздеріңізбен жүздесіп келе жатқанына 3 ай толғанын жариялап, арнау жазды. «Жүректе қайрат болмаса» айдарының кейіпкерлерінің сұхбаттарынан сүзіліп алынған ерекше ойлары мен өзгеше көзқарастарының топтамасы бүгін Сіздерге жол тартып отыр.
Жаңа мамандықтар жайлы біле жүріңіз
Құрметті оқырман! QAZIR «Жүректе қайрат болмаса» айдары аясында өздеріңізді түрлі маман иелерінің, сан алуан кәсіпті нәсіп еткен, жүректері қайратты жандармен таныстырып келеді. Заман мен ғаламның түрленуіне байланысты түрлі мамандықтар қатары да толығып, озығы дамып, тозығы жаңғырып келеді. Әр мамандықтың, әр қызметтің біз біле бермейтін қызыққа да, шыжыққа да толы қырлары болады.Қандай қызықты мамандық пен кәсіпті біле бермейміз? Етікшіден бастап ел басқарушыларға дейінгі аралықта мыңдаған маман иелері жүреді. ІТ-маманы, стилист, веб-дизайнер, мүсінші, мұғалім сияқты үйреншікті мамандықтар қатарын толтыратын ең қызық ондықты ұсынамыз.
Абизов Дінмұхамед: «Отандық нарықты жейдеммен қорғап жүрген жауынгердей сезінемін...»
12-13 қазан күндері Астанада «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы өткізілгені жайлы апта соңында аңдатпа ретінде айтқан болатынбыз. Бүгін сол көрмеге еліміздің әр түкпірінен келген тауар өндірушілер арасында көпшіліктің қызығушылығын тудырып,елордалықтар саудасын қыздырған Қызылордадан келген кәсіпкер , «DALATEX» компаниясының директоры Абизов Дінмұхамедпен сұхбатымызды ұсынамыз.
Рабиға Байтемірова: «Ойыншық шығарғанда бала өмірге келгендей қуанамын»
Бұған дейін БАҚ беттері мен ғаламтордан Шымкентте отандық ойыншықтар шығарылатынынан хабардар болсақ , жақында елордада өткізілген «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауында «NAVRUZ PLASTIC» пластмассалық ойыншық фабрикасының директоры Рабиға Байтеміровамен жолығып сұхбаттасудың сәті түсті.
Семейлік студенттің жобасына америкалықтар қызығушылық танытып отыр
Алмас Искаков – Семейдегі Шәкәрім атындағы мелмекеттік университеттің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультетінің студенті. Дарынды жастың IT-жобасына америкалықтардың өздері қызығып, қазақ баласы Құрама Штаттарға шақырту алды.
Арманың аласармасын, Ақназар!
Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Ақназар Қажымұрат халықаралық ACT мен SAT Subject Test-тен 36-36, 2400 сұрақтың 2400-іне дұрыс жауап берген. Бұл жағымды жаңалықты алдымен ол оқитын зияткерлік мектептің ресми сайты жариялаған болатын.Әлеуметтік желілерде де Ақназардың жетістігіне қуанып,көпшілікке үлгі етіп жүрекжарды жазбаларын қалдырып жатқан замандастары мен достары аз емес.
Кристиан Теллингер: «Біздің ата-бабаларымыз да жүйрік баптап, құс салған...»
Кристиан Теллингер – ұлты мажар, бірнеше жыл Украинаның Закарпатье аумағында тұрған. Орыс, украин, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді. Ғылымнан басқа, кәсіби әншілікпен айналысады. Бірнеше халықаралық музыкалық жобаларға қатысқан, сонымен қатар қылыштасу, садақ ату сынды ұлттық қару өнерін меңгерген.
«Зерделіден» бастау алған арманыңдағы мамандықты таңдау...
Жексенбі күні «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығы ұйымдастырған «Zerdeli Meetup», яғни 11 сынып оқушыларына арналған «Арманыңдағы мамандық» іс-шарасына қатысудың сәті түсті. Бұған дейін елордалық оқушылардың түрлі пәндік олимпиадаларда жеңіске жетуіне және ҰБТ-ге дайындық, Назарбаев зияткерлік мектебі мен білім-инновациялық лицейлеріне түсуге септігін тигізіп отырған орталық жайлы жиі еститін едім. Сонымен «сабақты ине сәтімен», демекші орталықтың оқушыларымен жүздесіп, әрі олармен кездесуге келген түрлі салада табысқа жеткен жастардың ойын тыңдауға да мүмкіндік болды.
Берік Әбдіғали, саясаттанушы: Мақсатымыз- тар заманғы күрескерлік рухты жеткізу
Тәуелсіздікке ширек ғасырдан асқан кезеңде өткенімізге көз салсақ, алдыңғы толқын күрескерлердің үш тағанын көре аламыз. Алаш қайраткерлері , «қызыл сұңқарлар» һәм Кейкі батыр сынды баһадүрлер... Міне, осылардың ел мүддесі, ұлттың азаттығы жолындағы тарихи іс-қимылдары хақында сөз етіп көрейік . Бұл туралы белгілі тарихшы, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Берік Әбдіғалимен сұхбаттан оқи аласыздар.
Жастар жаңашылдықты қалайды
«Жүректе қайрат болмаса» айдарының жылдық қорытынды саны жақында Qazir тілшілері іссапарда болған Қарағанды жастарының ой-толғамдарына арналмақ.
Майра Абдрахманова: Тұлға тәрбиелеуде тәлімгердің орны бөлек...
«Тәлімгер - ол табиғатынан Көшбасшы болуы керек. Оқушылар арасында беделге ие болу үшін Тәлімгердің өзі білімді, тәрбиелі, саяси бұғанасы бекіген, жағымпаздық пен жемқорлықтан ада, өр тұлға болуы шарт». Жасұландар тәрбиесіндегі тәлімгерлердің орны жайлы бүгінгі «Жүректе қайрат болмаса» айдарында.
Әкім Ысқақ: «Өмір - қашанда қазынаға толы алтын сандық»
Әр аптаның сенбі күні «Жүректе қайрат болмаса» айдарында Qazir оқырмандарына алтын сандықтағы асыл қазынадан келешегіңе темірқазықтай бағыт беріп, жан дүниеңді жарқыратар жазбалардан үзінділер жариялап отырмақпыз. Алдымен, ақын зерек те зерделі жан ғана сандықтың кілтін аша алады деп нені меңзеді екен,оқырманға арнаудан ой түйіп көрейік...
Әкім Ысқақ: «Бақыттылық - адамға қуаныш сыйлау»
Сенбі күн жан дүниелеріңізге жылылық пен жайлылық әкелсін деген тілекпен «Жүректе қайрат болмаса» айдарында жазушы,ақын Әкім Ысқақтың «Алтыным» кітабынан көңіл тербейтін жазбалардың жалғасын ұсынамыз.
Арман Кенжебек, Жезқазған университетіндегі "Рухани жаңғыру" орталығының жетекшісі: "Жастар жылының жариялануы" - бізге үлкен мүмкіндік»
Жастар жылында Жезқазған шаһарында жақсы істер жолға қойылған. Жігерлі жастар ілім-білім,спорт пен еңбекті дамытуды нықтап қолға алған. Соның бірер сипаттары жайлы әңгімелейміз.
Әкім Ысқақ: «Көңіл көктемі қашанда адамдықтың алтын сәулесі іспеттес»
Күн мен түннің теңелген,жаңару мен жаңғыру мейрамы - Наурыз да келіп жетті. Көрікті көктем мерекесімен бірге көңілге шуақ сыйлар ,әр сенбі сайын оқырмандарға ұсынар «Алтынымның» жалғасы бүгінгі «Жүректе қайрат болмаса» айдарында.
Маржан Қуанышқызы, химик-технолог : Қандай өнім шығарсам да, адам денсаулығын басты орынға қоямын
Qazir оқырмандарына нарықтың талабына сай әрі сапалы отандық өнім шығарып, тұтынушыларға ұсынып келе жатқан Маржан Досмағанбетованың есімі таныс. Бұған дейін де «Оптима» сериясымен шығарылған кір жуатын сұйықтық жайлы сұхбатты оқыған қаншама жандар өз тараптарынан қызығушылықтарын білдіріп, көкейлеріндегі сауалдарын да жолдаған еді. Бүгін сіздерге тағы бір жаңа өнім жайлы таныстырамыз.