Тұрсынгүл Жақыпова: «Балық та балаң сияқты баптап өсіргеніңді қалайды»
Биылғы жылдың мамыр айында өткен отандық өнім дәстүрлі көрмесін тамашалай жүріп, көпшіліктің кезекке тұрып алып жатқан өніміне көз салсақ, кәдімгі бекіре балықтары. Оны сонау Маңғыстаудан арнайы көрмеге алып келген «Қазақ бекіре» ЖШС ғылыми –өндірістік кәсіпорны директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Тұрсынгүл Жақыповаға Qazir бірнеше сауалдар қойып «Замандас» айдарына арнайы жазып алған болатын.
Бүгінгі күннің батырлары
-Олар күн-түн демей, елінің ішкі тыныштығын бақылап, қылмысқа қарсы күресте табандылық танытып, түрлі апатты жағдайларда өз бастарын қауіпке тігетін мамандық иелері.
Иә, қан төгісі жоқ, бейбіт елде тұрып жатқанымызбен түрлі айтып келмейтін апаттардың кесірінен қызмет бабымен жүріп көз жұмғандары да қаншама.
Міне, осындай өз қызметтерінде жасаған ерліктерін, ерлік емес міндетіміз деп санап жүрген полиция қызметкерлерін «Бүгінгі күннің батырлары» деуге әбден лайық.
Сондықтан, құрметті «Qazir» оқырмандары біз бүгін өздеріңізге полиция қызметкерлерінің алдағы 23-ші маусым төл мерекесі күндеріне орай осындай ерлігімен көзге түскен бірнеше батырлардың ісін дәріптеуді жөн көрдік...
Елдос Баялышбаев: Мен үшін мүмкін емес нәрсе жоқ!
100 жаңа есім жобасының жеңімпазы, мүгедектерге арналған еліміздегі ең алғашқы спорттық оңалту орталығының ашылуына бастамашы болған, 19 жасында көлік апатынан мойын омыртқаларын қатты зақымдап, арбаға таңылып қалған талдықорғандық Елдос Баялышбаевты Qazir бүгін еркін әңгімеге шақырды. Сонымен, «Жүректе қайрат болмаса» айдарындағы сұхбат сіздерге ой салар деп сенеміз.
“Бүкіл әлемнің сырқаты кейде бір жазушының басына жиналады»...”
«Онымен ешқашан жүздескен емеспін… Өйткені саясат қазаны бұрқ-сарқ қайнап жатқан Алматыдан шалғай Арқа жағында көп жылдар бойы тұрдық. Әлі есімде, тоқсаныншы жылдардың басында “Ана тілі” ұлттық апталығы қарапайым қазақтардың қолынан түспейтін. Әсіресе, ондағы “Қазақ, қайда барасың?” айдарымен жарияланған мақалаларды іздеп жүріп оқимыз. Марат Қабанбайдың шамырқанған шабытпен жазылған ұлттық рух пен найзағай намысқа толы публицистикалық дүниелерінен еркін ойдың иісі аңқитын. Бұлқынған бұла таланттың қаламынан бұрқырай төгіліп жатқан өткір де батыл сөздер көптің көкейіне қонып, көңіліне түрлі ой салатын.» Халықаралық Андерсон атындағы сыйлықтың Орта Азиядағы жалғыз лауреаты,ұлттық публицистикада өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленген, қара сөздің Қабанбайы атанған қаламгер жайлы Заря Жұманованың эссесін журналистика мерекесі күні арнайы жариялап отырмыз.
Самғау Нәсіпханұлы: Ата кәсібімді Астанада жалғастырдым
Бүгінде ерекше ісмерлігімен жұртшылықтың сұранысын қамтып, елінің дамуына үлес қосып жүрген кәсіпкерлеріміз аз емес. Олардың қатарын мемлекеттік қолдауларды игере білген, шағын және орта бизнес иелері толтыруда. Міне осындай кішігірім бизнес әлемінің қара қазанында қайнап, елім деп еңбек етіп жүрген азаматтардың бірі-Самғау Нәсіпханұлы. Ата кәсібін жалғастырып, оның сапасын арттыруда көптің алғысын алып жүрген Самғаудың бүгінгі міндеті: шағын ғана өндіріс ошағын келешекте үлкен зауытқа айналды
Нұрболат Қарабасов: «Жүректе иман,ортаңа пайдаң болуы керек»
«Мен мойығанда біреу маған ат мінгізер ме еді, шапан жабар ма еді?! Бұл менің сынағым ғой, айтып кеттім емес пе?! Сынаққа барынша сабырмен қарау керек. Бұл менің күресім. Палуан жығылса тұрмай ма – тұрады. Жамбастап атып ұрудың сәті түспесе, аяқтан шалып көреді, болмаса белдесіп көреді. Сол сияқты мен де күрестің түрлі айласын жасап келемін, жасай беремін». Осы сөздің егесі жайлы толығырақ «Жүректе қайрат болмаса» айдарынан таныса аласыздар.