ЖЫЛАҒАНДЫ ЖҰБАТА БІЛУШІ ЕДІ....
Бүгінгі «Ұлттың тірегі-дәстүр» айдарында белгілі әдебиет сыншысы, көрнекті қоғам қайраткері Сағат Әшімбаевтың жары, журналист, аудармашы, танымал жазушы Шәрбану Бейсеновамен сұхбатқа сыйластықтарына сызат түсірмей, сәулелі ғұмыр кешкен қос қаламгердің рухани әлемі мен отбасылық құндылықтар жайлы естеліктері арқау болған.
Қазақ даласының «мұғзижасы»
Зымыран заман қанатына ілескен уақыт та өзінің қалыптасып қалған кейбір дағдыларын өзгертіп, жаңа арнада өзгеше сипатпен көрініс танытатын болды. Қайсы бір замандарда ерліктің символы – батырлық, байлық, таңғажайып қияли-ертегілерімен ерекшеленсе,бертінде алып техниканың куатымен өз құдіретін танытуға күш салды. Ал солардың астарында қарапайым ғана ұғым бары, оның өзгеден емес өзімізден, туған өлкемізден басталғанын пайымдай береміз бе? Бұл туралы сіздерге «Көне дүние күмбірі» айдары сыр шертеді.
Рухани жаңғыру және ұрпақ тәрбиесі
«Байқағанымыз – жаңғыру, реформа туралы ақпараттық хабарларда да, тақырыптық бағдарламаларда да жүргізушілердің (спикерлердің), онсыз да түсінікті мәселені, әсіресе халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға қатысты мәселелерді сыдыртып айтуы әдетке айналған сияқты. Және көп жағдайда қазіргі кездегі ахуалды тілге тиек етіп, шиырлап айту басым. Яғни, рухани жаңғырудың қазіргі буын қолға алып, келер ұрпақ кемелдендіріп, Отанымызды озық елдердің қатарына енгізуі үшін атқарылар міндетті белгілейтіні басты назарда болуы ұмыт қалғандай.
Ұсынылып отырған реформа – қызыл сөз үшін еместігіне, оны шын мәнінде жүзеге асу үшін іске кірісу керектігіне, ол істің маусымдық сипатта емес, тұрақты болуына, осындай істер арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу қажеттігіне көңіл аудару жағы жетіспейтіні байқалады» Бұл жайлы толығырақ «Ұлттың тірегі-дәстүр» айдарында жазушы Камал Әлпейісованың «Рухани жаңғыру және ұрпақ тәрбиесі» атты зерттеу мақаласынан оқи аласыздар.
«АҚСАҚ ҚҰЛАН» КҮЙІНДЕГІ «ЖАЛҒЫЗ САУСАҚ» СЫРЫ
«Көне дүние күмбірі» айдарында халқымыздың өткен тарихы мен сол дәуірдегі аңыз бен ақиқаттың ара жігін ажыратуға талпыныс жасаған зерттеу дүниелерді де ұсынып отырмыз.
«Туған жерге тағзым» немесе этнографиялық зерттеулер
Бүгінгі «Ұлттың тірегі-дәстүр» айдарында «Қасиетті Қазақстан», «Рухани мұраларды жинау, есепке алу» мақсатында Қарағанды облысының Шет және Жаңаарқа аудандарында ұйымдастырылған экспедициядан тарих ғылымдарының кандидаты Дәурен Ескекбаевтың жолсапар баянын ұсынып отырмыз.
АТАБАЙДЫҢ ҚАРАСУЫ
Елбасымыз «Туған жер» бағдарламасында «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» – деген ұлағаты сөздері осы оқиғаларды еске алып, жастар біле жүрсін деп баяндауыма әсер етті,- дейді өлкетанушы, журналист Тоғанбай қажы Құлманұлы.