Сорым бес елі болса да, бақытты болуға лайықпын
Сауда маркетингінде мінсіз бренд, беделді марканың белгісі болған тұлғаны амбассадор десе, бүгінгі сұхбаттың кейіпкері Сиюов Сағатбекті адамның ұнамды сапаларының, адалдық пен адамгершіліктің амбассадоры деуге дәлел көп. Арбаға таңылса да, жанының апаттан аман қалғанын Жаратқанның ерекше сыйы деп түсінген, алдағы арман-мұраты анық, жардан құласа да жаны құлазымаған жігіттің жігеріне жұрт қызығады. Өзгеге үлгі болған, үміттерді сөндірмеген, мұқалған жандарды мінбелерге жетелеген Сағатбектің құлшынысы, идеялары мен жобалары, дербес жетістіктері тағдырластары мен замандастарының қойын дәптерлеріне де, жүрек-дәптерлеріне де жазылып жатыр.
Жаңғырған заманның көркі - жастар
Азаматтық позициясы белсенді, жас болса да бағындырған белестері бар, білдей бір облыс еріктілерінің қозғалысын үйлестіру ісімен қызметін қатар алып жүрген жігіт Оразәли Сәрсенов QAZIR-мен болған сұхбатта қайырлы іс, қоғамдық өмірдегі жастардың белсенділігі және жалындаған жастық шағының қызықты оқиғаларымен бөлісті.
Қайырымдылық – қастерлі ұғым
Жақсылыққа қайырымдылықпен жауап беру әр жанның болмысына біткен ізгі амал. Маңайыңдағы мұқтаждарға мейірімділік пен ізгілік, достыққа адалдық таныту – адамгершіліктің белгісі болса, адамзаттың барлығына «бауырым» деп қарау Абайдан қалған өсиет. Сөзіңнен емес ісіңнен, жүрегіңді жарып шығатын қайырлы іс жайында басқа қандай қанатты сөздерді білеміз. «Қайырлы істің» бүгінгі шығарылымында адамның асыл қасиетіне қатысты нақыл сөздер ұсынылады.
Менің ортама мейірім жетіспейді
Қазір қоғамымызда дінге, тілге, мәдениет пен өркениетке қатысты көптеген түсініспеушілік түйткілдері көп. Сондықтан болар, жастарымыздың жат ағымдардың жетегінде кетуі, өздерін-өздері өлімге қиюы, салт-дәстүрімізге сызат түсіруі, еліктеушіліктің басымдығына жол беруі, қол созым жердегі жақындарына немқұрайлы қарауы, менталды түрде тұла бойына тән құндылықтардан айырылуы сияқты келеңсіздіктер кездесіп жатады. Бұл бізге мейірімділіктің жетіспейтіндігінен, иманның аздығы мен жауапкершілікті сезінбеу салдарынан деген сырын QAZIR-мен бөліскен «Нұрлы жүрек» қайырымдылық тобының тізгіншісі, ұтқыр ой мен ұтымды ұстаным, ұнамды мінез иесі Думан Мұратұлымен сұхбатымызды ұсынамыз.
«Алтын жүрек» азаматтар ардақталады
Қайырымдылықтың дәстүр және қажетті, нәтижесі мол үрдіс ретінде қалыптасып, қоғам назарына маңыздылығын жеткізуде, істің қайырлысын халыққа насихаттауда БАҚ рөлінің ерекше екендігі бөлек әңгіме. QAZIR #қайырлы іс айдарының бүгінгі шығарылымында қайырымдылық саласында еліміз бойынша қалыптасқан тағы бір дәстүр – жыл сайын жүректерді жібітіп, тағдырларды тоғыстырып, меценаттарды марқайтып, қарапайым жандарды ынталандыратын, ыстық ықыластар мен мұқтаждардың мың алғысы жауатын, 12 жыл бойы жалғасып келе жатқан «Алтын жүрек» ұлттық премиясы жайлы баяндамақ.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІ
Кез келген жағдайда адамдық кейпіңді жоғалпау жаратылыстың желкенін құлатпаумен тең. Қара бастың қамын қамтамасыз ететін ғана емес, өзгенің қажетін ашатын амалдардың да арамызда жасалып жүргені қуантады. Қайырымдылықты жан-жақты насихаттап, дүниежүзілік қауымдастықты қайырлы іс қылуға құштар етіп келе жатқан Біріккен Ұлттар Ұйымының, оның сабақтас ассоциацияларының қызметі ұтымды. Түрлі мерекелер ұйымдастыру, ерекше шаралар өткізу арқылы атқарылып жатқан іс осының дәлелі. Мысалы, қауымдастық жыл сайын «5» қыркүйекте Халықаралық қайырымдылық күнін атап өтеді.