Қайырымдылықтың дәстүр және қажетті, нәтижесі мол үрдіс ретінде қалыптасып, қоғам назарына маңыздылығын жеткізуде, істің қайырлысын халыққа насихаттауда БАҚ рөлінің ерекше екендігі бөлек әңгіме. QAZIR #қайырлыіс айдарының бүгінгі шығарылымында қайырымдылық саласында еліміз бойынша қалыптасқан тағы бір дәстүр – жыл сайын жүректерді жібітіп, тағдырларды тоғыстырып, меценаттарды марқайтып, қарапайым жандарды ынталандыратын, ыстық ықыластар мен мұқтаждардың мың алғысы жауатын, 12 жыл бойы жалғасып келе жатқан «Алтын жүрек» ұлттық премиясы жайлы баяндамақ.
«Алтын Жүрек» - бұл еліміздің еңбектеген баласынан бастап, еңкейген қарттарына дейін қайран қалып тамашалайтын, тың бастамада дәстүрге айналып үлгірген жыл сайынғы жалпыұлттық марапат. Осымен он екінші рет болғалы отырған «Алтын жүрек» премиясын табыстау салтанатының ұйымдастырушылары қолғабыс пен мейірімін өзгелермен өлшеусіз бөлісуге дайын жандардың басын қосуды, қайырлы іс қылуды қарапайым адамдардың күнделікті өмір салтына айналдыруды және оларды ынталандыра түсуді мақсат тұтып отыр. «Baurzhan foundation»жеке қорының жұмыс ұжымы былтыр «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Алтын жүрек» Премиясына еліміздің түпкір-түпкіріндегі үміткерлерден 455 өтінімнің келгенін айтады, бұл бұрын-соңды байқалмаған рекордтық көрсеткіш. Дәстүр бойынша былтыр Премия 11 аталым бойынша қоғам мен адам өміріндегі мейірімділік пен гуманизмнің рөлінің зор екендігін қарапайым қызметімен, қылығымен көрсете білгендерге табысталды. Ал биылғы аталым саны 12.
Мамандығы, қызметі, кәсібі, мүмкіндігі, жасы, ұлты мен нәсілі әр түрлі болса да, жақсылықтың жаршысы, жан ізгілігінің айқын белгісі бола білген жандардың ортақ қасиеті бар: бұл мейірімділік. 2007 жылы құрылған бұл Премия бүгінгі таңда коммерциялық ұйымдар мен жеке тұлғалардың Қазақстанда қайырымдылық жобалары мен бағдарламаларын жүзеге асырып, жасаған қолдаулары үшін мыңдаған адам атынан алғыс айтып, марапат білдіретін жалғыз ұлттық қоғамдық сыйлық. Сондықтан да, жүрегі алтын, ісі қайырлы кез келген тұлға оған лауреат бола алады.
Өз мүмкіндіктері мен уақыттарын өзгелердің мұң-мұқтажының өтеміне жұмсайтын қайырымды жандардың елеусіз қалмасы анық. «Алтын жүрек» тарихында алғашқы марапаттауға ұсынған үміткерлердің саны 50 жуық болған, ал бүгінгі таңда жүздеген өтінімдер келіп жатады, бұл күн санап, жыл санап қайырымдылықтың саны ғана емес, сапасының да артып келе жатқандығын аңғартады. Алтын жүректілердің мақсаты да осы.
Сыйлыққа үміткерді жеке тұлғамен қатар қоғамдық бірлестіктер, заңды тұлғалар, бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ мемлекеттік институттар ұсына алады. Сарапшылық және Қоғамдық кеңестер қабылдайтын шешім бірнеше аталым бойынша жеке-жеке қабылданады. Атап айтар болсақ биыл үміткерлер жоғарыда айтқаымыздай, оны екі бағытта бақ сынайды:«Жетім балаларға көрсеткен қамқорлығы үшін» аталымы бойынша балалар үйлері мен интернаттарға тегін көмек көрсеткендер, «Білімді дамытуға қосқан үлесі үшін» аталымы бойынша мемлекеттік, болмаса жеке меншік оқу орындарында білім алу үшін грант бөлгендер, кітаптар мен қазақстандық авторларынын ғылыми еңбектерін шығаруына қолдау көрсеткендер үміткер болса, ерекше күтімді қажет ететіндерге көрсеткен көмектері мен жасаған жағдайлары үшін қайырымдылар «Мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсеткен қамқорлығы үшін» аталымы бойынша сыйлықты иеленуге құжат тапсырады. Сонымен қоса «Спортты дамытып, оны қолдағаны үшін» аталымы барлық бағыттағы және деңгейдегі спорттық мекемелерге және ұйымдарға қаржылық және материалдық көмек көрсеткендер, халықаралық жарыстарда қазақстандық спортшыларды қолдағандар, бұқаралық спорттық іс-шаралар жүргізгендер, «Ардагерлерге көрсеткен құрметі үшін» аталымында зейнеткерлердің, еңбек ардагерлерінің, тыл ардагерлерінің, Ауған соғысы ардагерлерінің, өзге аймақтарда болған соғыс қимылдарына қатысушылардың өмірін жақсартуға бағытталған шараны атқарушылар, ардагерлердің құқықтарын қорғауға ат салысқандар арасындағы үздіктер анықталатын болса, «Жыл меценаты» аталымында ақындар, жазушылар, суретшілер, және т.б.мәдениетті қолдау және өнер шеберлерінқорғау үшін, қоғамды өзгерту, жақсарту, арттыруға бағытталған ірі мәдени және маңызды жобаларды іске асырғандар анықталатын болады. Үздік «Ақпараттық қолдаушы» ретінде қайырымдылық туралы ең үздік жарияланым мен материалдар ұсынған БАҚ бағаланатын болса, «Жылдың қайырымды адамы» аталымы жеке тұлғалар расынан ауқымды қайырымдылық қызмет еткен жанды анықтайды. «Жыл ұйымы» аталымына қоса «Денсаулық сақтау саласына қолдау көрсеткені үшін», «Қазақстанның өркендеуіне қосқан үлесі үшін», «Қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі үшін» аталымдары тағы бар.
«Baurzhan Foundation» жеке қорының бұл дәстүрін Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі мен Ақпарат және коммуникация министрлігі, үнемі марапаттау рәсімінің Алматы қаласында өткізілетіндігіне байланысты Алматы қаласының әкімдігі қолдау көрсетіп келеді.
Сыйлықты ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы ұйымдастыру комитеті, сараптау кеңесі мен қоғамдық кеңес құрылады. Ұйымдастыру комитеті қатысушылардың өтінімдерін қабылдап, қарастырғаннан кейін қайырымдылық шараларын растайтын құжаттарды тексереді.Сараптау кеңесінің құрамындағы 30 мүшенің әрқайсысы шешімдік дауысқа ие. Сараптау кеңесінің құрамына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттік органдар, жергілікті билік және коммерциялық ұйымдардың өкілдері кіреді. Ал қоғам комитетіне көрнекті қоғам, мемлекет және саяси қайраткерлерінен, ғалымдар мен суретшілер, ұлттық және халықаралық қоғамдық және коммерциялық ұйымдардың өкілдері енеді.
Үш кезеңнен тұратын іріктеудің алғашқы кезеңін ұйымдастыру комитеті тиісті құжаттамаларды растау жұмыстарын аяқтағаннан соң, екінші кезеңде сыйлықтың Сараптау кеңесі, салыстырмалы талдау арқылы, Қазақстан Республикасының Үкіметінің ресми құжаттарға талдау арқылы, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, социологиялық зерттеулер жарияланымдар арқылы, жеңілдікті дауыс беру арқылы үміткерлерді таңдайды.Үшінші кезең салтанатты марапаттау рәсіміне дейін 10 күн қалғанда басталады. Жасырын дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңес іріктелінген номинанттар арасындағы үздіктерді таңдайды.Жалпы іріктеуде әлеуметтік бағдарлылық, аталымның сәйкестігі, үміткердің ұсынымдары мен алғыс хаттары сияқты крийтерийлер ескеріледі. Бұқаралық ақпарат құралдарының соңғы жыл ішіндегі материалдары қарастырылады.
Өтініштерді қабылдау осы жылдың «18» сәуірінде басталған, қабылдау «15» қыркүйекте аяқталады. Жеңімпаздар анықтау 2018 жылдың «25» қазанында анықталып, салтанатты марапаттау рәсімі «27» қазанда өтеді.
Қатысу үшін жеке тұлғалар арнайы өтініш, өмірбаянымен бірге суретін, қайырымдылық қызметінің қысқаша сипаттамасын, ағымдағы жылда жәрдемдескен тұлғалар туралы хабарлама, қайырымдылық қызметін растайтын есепке алу құжаттар тапсырады, ал заңды тұлғалар аталған құжаттарға қосымша ұйымның логотипін және басшысының суретін тапсырады. Ұйымның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесін тапсырады. Толық мәлімет алып, өтінімді онлайн режимінде тапсыру үшін сайтын қарай аласыз.
Глобусты қалай айналдырсаң да, жер бетіндегі әлем халықтарының қай-қайсысына қарасаң да қалт етпейтін, адамзат баласы айнымайтын махаббат пен мейірімнің, нұрлы жүректің, шуақты шапағаттың, адал ниеттің, кіршіксіз көңіл мен жат жанын таң қалдыратын сыйластықтың жүректен жүрекке жететін ең керемет көрінісі бар, бұл –қайырымдылық. Қайырлы іс қылудың белгілі дәстүрге айналғанын айтпай кетпеске болмас, қайырымдылық кеше болған, бүгін бар және ертең жалғаса беретін дәстүр.Жақсылықпен бөлісіп, қайырлы істі қолдай жүріңіз.
Ақпаратты әзірлеген Жәннат Манасбайқызы