Жансұлтан Матаев: «Бүгін 364 астаналық отбасы баспаналы болмақ».
Нарықтағы бағадан екі есеге төмен тұратын 364 пәтердің иесін анықтау үшін астанада Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі конкурс жариялады. Конкурс нәтижесі бүгін шығарылатын болады. Бұл пәтерлер «Нұрлы Жер» МБ –сы аясында үлестірілмек. Ол туралы Елордалық Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі (ТҚЖБ) Орталық филлиалының директоры Жансұлтан Матаев арнайы БАҚ өкілдеріне өткізген шарада мәлімдеген болатын. Бұдан бөлек Qazir тілшісі Жансұлтан Матаевтан мемлекеттік бағдарлама аясында халыққа берілетін пәтерлердің жалпы саны мен құны және жарияланатын конкурстың талаптары жайында сұрап білген болатын.
Астанада «жақсы дәрігер» бар ма?
Өзінен гөрі өзгенің денсаулығына алаңдап, күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей кезекшілікте отырып,сан түрлі аурудың бетін қайтару үшін күрделі ота жасап, уақытпен санаспайтын дәрігерлер жайлы қоғамда көзқарас қандай? Адам өмірін ажалдан арашалап жүрген жандардың еңбегі лайықты бағаланып жүр ме? Бұл сауалға жауапты екі күн бойы «Sultan magazine» борттық журналы және №2 Астана қаласының көпбейінді қалалық ауруханасы, «Нұр Отан» партиясы бірлесе өткізген «Жақсы дәрігер» фотокөрмесі кезінде біз де іздеп көрдік.
Мырзабек Мырзашұлы: «Болашақ дәрігерлерді адалдыққа тәрбиелейміз»
Жалпы медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеру, әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту арқылы бюрократияны жойып, сапаны арттыру алдағы жылдарға жүктелген міндет. Осы орайда сапалы медицина білікті мамандар қолында десек,ал оның іс жүзінде жүзеге асуы, бүгінгі кадр дайындайтын медициналық ЖОО-дарының үлесінде. Бұл жайында қандай жаңашылдықтар бар деген сауалды біз,еліміздің ірі оқу орындарының бірі, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ-ның Басшысы, ректор Рысбеков Мырзабек Мырзашұлынан сұрап білдік.
Келер жылы тарифтер төмендетіледі
Премьер-Министр 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр энергиясы мен жылуға ғана емес, су, газбен жабдықтау, кәріз, телефон байланысы және интернет қызметтеріне тарифтердің төмендеуі керектігін атап өтті. Сонымен қатар ПИК тарифтерін қайта қарау керек. Бұл жергілікті әкімдердің құзыретінде. Бұл орайда, тарифтердің төмендеуі монополистердің көрсететін қызметтерінің сапасын төмендетпеуі тиіс, олардың өндірістері уақытылы жаңғыртылып отыруы керек. Құрылған Жұмыс тобы осы бағыттарда жұмыс істеуі тиіс, деп хабарлайды primeminister.kz. Ол үшін Үкімет басшысы жеті тапсырма берді: