Жастар қалай жұмысқа орналасуда?
«Еңбек» бағдарламасы аясында Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша жыл сайынғы жоспар 20,3 мың адам деп есептелсе,ол негізінен оқу орнына түспеген мектеп түлектерін бірінші жұмысшы кәсіппен қамтамасыз етуге бағытталған,- деп хабарлайды enbek.gov.kz
Келер жылы қандай жолдарда ақы алу жүйесі іске қосылмақ?
Биылғы жыл қорытындысы бойынша 528 шақырым жол қозғалысын ашу жоспарлануда. Орал-Тасқала – 73 км, Қордай кентінің айналма жолы – 40 км, Бейнеу-Ақтау – 60 км, Балпық би-Талдықорған және Сарқандты айналып өту – 40 км жобалары бойынша жұмыстар толығымен аяқталды, -деді «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы Үкімет отырысында баяндаған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек. Оның айтуынша, 2019 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы-Қапшағай, Алматы-Қорғас және Астана-Теміртау учаскелерінде ақы алу жүйелерін іске қосу жоспарлануда.
Елордада әлеуметтік азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
Астана әкімдігінің қолдауымен желтоқсанның 8-і мен 31-і аралығында елордадағы «Бигшанхай» базарында әлеуметтік азық-түлік жәрмеңкесі өтеді.
«Сіздер нені күтесіздер?» - әлеуметтік плакаттар көрмесі
Осындай тақырыпта 2018 жылғы 23 қарашада сағ 16.00-де ҚР Ұлттық музейінде «InDiGo» жеке көркемөнер мектебі оқушыларының әлеуметтік плакаттар көрмесінің ашылу рәсімі өтеді.
Нидерландтық бизнесмен Ақтөбе облысының инвесторларды несімен тартатынын айтты
Нидерландтық кәсіпкер, "Грин Капитал Қазақстан" ЖШС басшысы Алевен Диедерик Теодорик Ақтөбе облысының шетелдік инвесторларға несімен тартымды екенін айтты. Ол сондай-ақ жергілікті билікке Ақтөбе қаласындағы жылыжай кешенінің құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткендері үшін ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Qazir.kz
Астанада жыл сайын әлеуметтік көмекке бөлінген 5 млрд кімдерге беріледі?
Елордада қарт адамдарды әлеуметтік қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді, тұрақты негізде әлеуметтік қолдау және өмір сапасын арттыру жүзеге асырылады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.