Биылғы жыл қорытындысы бойынша 528 шақырым жол қозғалысын ашу жоспарлануда. Орал-Тасқала – 73 км, Қордай кентінің айналма жолы – 40 км, Бейнеу-Ақтау – 60 км, Балпық би-Талдықорған және Сарқандты айналып өту – 40 км жобалары бойынша жұмыстар толығымен аяқталды, -деді «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы Үкімет отырысында баяндаған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек. Оның айтуынша, 2019 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы-Қапшағай, Алматы-Қорғас және Астана-Теміртау учаскелерінде ақы алу жүйелерін іске қосу жоспарлануда.
«Ақылы автожолдарды дамыту бойынша, биыл қазан айында Ішкі істер министрлігінің жүйелерімен интеграцияланған Алматы-Қапшағай, Алматы-Қорғас және Астана-Теміртау учаскелерінде ақы алу жүйелері тесттік пайдалануға енгізілді. Бұдан бөлек, 5,9 мың шақырымды, соның ішінде «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық дәлізінде ақы алу жүйесін салу бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Төлемдерді жинау жүйесін монтаждауды келесі жылдан бастау жоспарланып отыр», - деп хабарлады Жеңіс Қасымбек.
2020-шы жылға қарай ұзақтығы шамамен 6,6 мың. шақырым жолда ақы алу жүйесі қосылады.
Иллюстративное архивное фото - Анастасия Лебедева.