«Еңбек» бағдарламасы аясында Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша жыл сайынғы жоспар 20,3 мың адам деп есептелсе,ол негізінен оқу орнына түспеген мектеп түлектерін бірінші жұмысшы кәсіппен қамтамасыз етуге бағытталған,- деп хабарлайды enbek.gov.kz
Ағымдағы жылғы 1 қазанға дейін 19 823 адам оқуға жіберілген. Ал,қысқа мерзімді оқуға барған 38 407 адамның 27 720 оқуды аяқтап, 15 695 жұмысқа орналасқан. Сонымен,жұмысқа орналасу 57 пайызға жетіп отыр. Жұмысқа орналасу бойынша ең жоғары көрсеткіште 89 пайызбен Қостанай, 85 пайызбен Ақмола облыстары тұр. Ал ең төменгі көрсеткіш – Алматы қаласы- 23 пайыз, Астана қаласы 13 пайыз.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биылғы жылы мемлекет басшысының Төртінші әлеуметтік бастама аясында шағын несие бағдарламасын кеңейту үшін 2018 жылы Бағдарламаны қаржыландыру көлемі 20 млрд. теңгеге көбейтіліп, жалпы қаражат көлемі 62,6 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде ауылды жерлерде кредит беруге 45,3 млрд. теңге, қалаларда 17,3 млрд. теңге жұмсалмақ.
2018 жылы 14 мыңнан астам адам шағын несиемен қамтылады деп жоспарланған. (ауылда - 11 мың, қалаларда - 3 мың). Есептік кезеңге оның 8 492 берілсе,оның ішінде ауылдарда − 7 544, қалаларда – 948.
Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 2018 жылы бизнесті жүргізуге 30 мың ауыл, шағын және моноқалалардың тұрғындарын оқыту жоспарланған. 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 21,6 мың адам немесе жоспардың 72%-ы кәсіпкерлік негіздерін оқыды.
Үшінші бағыт шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру, жастар практикасы мен қоғамдық жұмыстарға жолдау, өңірлерден өңірлерге көшу үшін мемлекеттік қолдау көрсету арқылы еңбек ресурстарының ұтқырлығын қамтамасыз ету қарастырылған.
Осылайша, есепті кезеңге әлеуметтік жұмыс орындарына 16,5 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған кезде 20,1 мың адам жұмысқа орналасып отыр.