Ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткіштері
Өздеріңізге белгілі Қазақстанның жалпыұлттық, өңірлік қасиетті орындарының тізімі мен тарихы қос жинаққа топтастырылып оқырманға жол тартқан болатын. Бұдан былай туған жерінің қасиетті өңірлерінің тарихы қызықтырса осы екі кітаптан білуге толық мүмкіндік бар. «Қазақстанның жалпыұлттық нысандары» атты басылым үш тілде мың данамен жарық көріп,оған 185 киелі мекеннің арғы-бергі тарихы кірген.
Qazir «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы мен бірлескен жобасы ретінде айына екі рет «Көне дүние күмбірі» айдары арқылы оқырмандарын ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткіштері, археологиялық, ортағасырлық қала орталықтары, діни және ғибадат орындары, тұлғалар мен саяси, тарихи оқиғаларға қатысты бес топқа жіктелген нысандарды таныстыруды мақсат етіп отыр.
«ШЫҒЫСҚА БЕТ БҰРУ - ӨЗІМІЗДІ ҚАЙТА ТАБУДЫҢ АМАЛЫ»
Философия ғылымдарының докторы, Халықаралық Білім беру Корпорациясының профессоры Қалас Жамаловпен сұхбат «Ұлттың тірегі-дәстүр» айдарында.
Астанадағы қасиетті нысандар қатарына енген орындар
Әр дүйсенбі сайын «Көне дүние күмбірі» айдарында «Қасиетті Қазақстан» ғылыми -зерттеу орталығымен бірлескен жобамызда еліміздің жалпыұлттық және өңірлік нысандарының тізіміне енген қасиетті саналған жерлер мен орындар жайлы тарихи-танымдық материалдарды ұсынамыз. Бұған дейін хабарлағанымыздай, елін сүйетін,туған жер тарихы қызықтыратын оқырмандарымыз толық мәліметтерді орталық шығарған қос жинақтан таба алады.Біз бүгін «Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары» кітабынан Астанадағы киелі орындармен таныстырамыз.
Жылаған ата бұлағы мен үңгірі
Әр аптаның дүйсенбісінде «Көне дүние күмбірі» айдарында «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығымен бірлескен жоба аясында еліміздің әрбір өңірінен жалпыұлттық қасиетті нысандар қатарына енген орындармен таныстырып келеміз. Бүгін сіздерге Түркістан қаласынан 80 шақырым жерде орналасқан халық әулиелі жер атандырған Жылаған ата бұлағы мен үңгірі жайлы ел аузындағы аңыздарды ұсынбақпыз.
Музейдегі бір күн
Музей ісі мақсаты - атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан жәдігерлерді болашақ ұрпаққа жеткізу. Бүгінгі ақпарат әлемі кең өркен жайған, заманауи талабын кез-келген адам баласы қанағаттандыра алатын кезеңде музей жәдігерлеріне бір үңілу артық болмас. Әр дәуірден сыр шертетін жәдігерлер сөйлейді. Уақыт тауып бір бас сұқсаңыз жаныңыз демалады емес пе... Қазақстан аумағындағы музейлер білім мен мәдениет саласында өз қызметін атқаруда. Қоғам мен қоршаған ортаның дамуына өз үлесін де қосады. Мектеп жасындағы балалар мен жас шамасына қарай мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге де тигізер пайдасы жоқ емес. Рухани азық алып, қызықтап, «білсем», «көрсем» деген талабы арта түспек. Толығырақ «Сиқырлы әлем» айдарында.
Бекен Қайратұлы: "Мен атамекенге қалай келдім?"
«Тарбағатайға баратын себебім: Қазақстанға көшуді ойлаған күннен бастап «Қайда баруым керек?» деген сұраққа басым қатты. Содан ҚазССР энциклопедиясы дейтін 12 томдық зілдей кітапты екі апта ақтарып қоныс іздедім. Сол кітапта: «Кеңес заманында құжат-қағаздары қазақ тілінде жүргізген жалғыз аудан бар. Ол – Тарбағатай» деп жазылған екен. Осы сөз менің ол жаққа атбасын бұруыма себеп болды. «Қайда барсам да, қазағы тұнық жерге барайын». Бүгінгі Ата заң мерекесі күні атажұртын аңсап алғашқылардың бірі болып жеткен әріптесіміз «Егемен Қазақстанда» қызмет атқарып жүрген танымал журналист Бекен Қайратұлының ой-толғанысын жеткізетін мақаласын жариялап отырмыз.