Осы уақытқа дейін өзге мемлекеттерден экспортталып келген жоғары қуатты трансформаторлар енді өз елімізде шығарыла бастады. Оны жүзеге асырушы 1997 жылы құрылған «Alageum Elektric»компаниясының құрамына кіретін «Asia Trafo» ЖШС компаниясы.
«Alageum Elektric» компаниясының тарихына қысқаша тоқталсақ, сонау 90- шы жылдардың аяғындағы тоқырау кезеңінде елдегі барлық зауыттар мен өндіріс орындарының жұмысы құлдырап, тоқтауға шақ қалған сәттен бастау алады. Сол уақытта «Alageum Elektric» компаниясы, өндірісі тоқтағалы тұрған «Кентау трансформаторлық зауыты» АҚ-ның акциясын сатып алып, осы зауытта жобалық мамандандыру мен электротехникалық өнімдердің монтаждалып, өндірілуіне екінші мүмкіндік береді. Сол кезден аталмыш зауыт пен компания біріккен брендті «Alageum Elektric» деген, қазақшаға аударғанда «таңсәрі, таңату» атауымен жұмысын жалғастырып келеді. Компанияның басты миссиясы; электромашина құрастыру саласында әлемдік тұтынушыларды инновациялық және тиімді дүниелермен қамту. Бүгінде алып компанияның құрамына 6 ірі ЖШС-тер мен АҚ- дар және зауыттар кіреді. Солардың бірі жоғарыда атап өткен «Asia Trafo» ЖШС .
«Asia Trafo»ЖШС -Шымкент қаласында орналасқан. Ол трансформаторлық құрылғыны жасау жөніндегі Орталық Азиядағы ең ірі зауыт.Осы зауыттың жаңа өнімі мен жетістіктері туралы компанияның сату бөлімінің маманы Бұқарбаева Айжан Қайратқызынан сұрап білдік:
Бұқарбаева Айжан Қайратқызы:«Зауыттың негізгі шығаратын өнімі – бұл қуаттылығы 500 МВА дейін, кернеуі 110, 220, 500 кВ-тық автотрансформаторлар және күшті май трансформаторлары. Бұл дегеніміз бүгінгі таңда орта азия бойынша бізден ғана шығарылатын өте қуатты трансформаторлар. Біздің зауыт 2016 жылы ашылған болатын. Осы уақыт аралағындағы даму сатысымен, бүгінде осындай 500 мва дейін жететін қуатты өнімді шығарып отырмыз. Қазіргі күнде зауыттан 30 дан аса трансформаторлар шығарылды. Біздің алдағы жоспарымыз, өніміміздің 60 пайызын сыртқа экспорттау. Бұндай қуатты трансформатордың ерекшелігі әр түрлі кернеулікпен жететін тоқ көзін реттейді. Бүгінгі күнде зауыт, қуатты трансформаторларымен бірге реакторды да ұсынып отыр. Реактор-құрылымы жағынан алдыңғы қуатты трансформаторға ұқсағанымен атқаратын қызметі мүлдем бөлек. Мысалы;тоқ көзі жіберілген кезде сол тоқ көзі жүйесі мен жердің аралығында сыйымдылық пайда болады. Ол реактивті қуат деп аталады. Ал осы реактор сол реактивті қуатты өзіне тартып, арада пайда болған сыйымдылықты жояды. Осы кезде тоқ көзі қалыпты жағдайда өткізіледі.Яғни реактор -реактивті қуаттылықты бір қалыпта ұстап тұрады. Бұл құрылғыны қазақстанда шығарып отырған жалғыз біздің зауыт. Оны біз биылдан бастап өндіре бастадық»
Қазіргі таңда Зауыт тұтынушы ретінде «KEGOC» компаниясымен 6 реакторға келісім шарт жасасып отыр. Және келер жылға да осы компанияның қосалқы станцияларына қажетті осынша реакторды өндірмек.
Бұрын бұндай қуатты трасформаторлар мен реакторлар біздің елімізде шығарылмағандықтан, тек сырттан Қытайдан, Ресейден тасымалданып отырған. Енді биылдан бастап өзімізге қажетті өнімдерді өз елімізден шығарып, алдағы жылда керісінше біздің елден сыртқа эспортталуы экономикамыздың дамуына жол ашпақ.
Мамандар жағы да Қазақстанның білікті азаматтары. Олар бұрынғы Кентау тарансформаторлық зауытта жұмыс істеген техник қызметкерлер. Қысқасы Қазақстанда өндіріліп отырған жаңа пайдалы өнімге өзге мемлекеттердің де қызығушылығы артып, тапсырыс беруге келісімдерін бастамақ.
Салтанат Сәдібекқызы.