Бағдарламаға өтінім қабылдау 30 қазанға дейін жалғасады, деп хабарлайды Qazir.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Қала әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрованың айтуынша, бағдарлама шеңберінде 100 жер учаскесі жүзеге асырылады, оның 80-і www.gosreestr.kz және 20-ы Астана Innovations сайтында. Бұл жер телімдерінде жылжымалы тамақтану орнын, кофехана, нан-тоқаш өнімдері, балмұздақ, жеміс-жидектер, газеттер, гүл дүңгіршегі, кәдесый дүкендерін ашуға болады.
«2017 жылдан бері жүргізілген конкурстар нәтижесі бойынша «Astana» ӘКК» АҚ кәсіпкерлермен 557 жер телімі бойынша субаренда келісімін жасады. Бағдарлама 1500-ден астам жұмыс орнын ашты. Жеке инвестициялардың сомасы шамамен 1,1 млрд.теңгеге жетті », - деді Бектұрова.
Бағдарлама туралы Ә.Мәмбетов көшесі, 24. 6 қабат, 602 кабинет мекен-жайына барып немесе 8 (7172) 61 35 54 телефоны арқылы білуге болады.