«Астана Опера» жетекші солисі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жұпар Ғабдуллина 28 сәуір мен 5 мамыр күндері Башқұрт опера және балет театрының сахнасында өнер көрсетпек, деп хабарлайды Qazir.kz театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әнші Джузеппе Вердидің «Аттила» операсында басты Одабелла партиясын аталмыш спектакль премьерасында басты партияда өнер көрсететін атақты бас Ильдар Абдразаковпен бірге орындайды. Айта кетсек, И.Абдразаков осынау операда өзін алғаш рет режиссер ретіндегі қырынан танытпақ.
- Әріптестеріммен бірге Ильдар Абдразаковтың шақыртуымен өнер көрсетемін. Екеуміз «Аттиланы» әлемнің көптеген сахналарында орындадық, олардың ішінде Opera Bastille, «Астана Опера» театры бар, енді, міне, Башқұрт опера және балет театры қатарға қосылады. Онымен бірге ән айту – бір ғанибет, сондықтан да, ол үшін екі есе жауапты болып табылатын спектакльге қуана-қуана қатысуға келісімімді бердім. Партияға қатысты айтар болсам, менің Одабеллам рухы мықты, жігерлі, сонымен қоса сүйетін әрі нәзік жан, - дейді Жұпар Ғабдуллина.
Жұпар Ғабдуллина – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, сондай-ақ «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты болса, Ильдар Абдразаков – Башқұртстан Республикасының Халық әртісі, Татарстан Республикасының Халық әртісі; Башқұртстан Халықтар достығы Орденінің кавалері; «Алтын бетперде» ұлттық театр сыйлығының лауреаты, сондай-ақ «Грэмми» сыйлығының екі мәрте иегері.