Қазақстанның VIII Азаматтық форумы аясында республикалық, салалық және өңірлік деңгейде түрлі әлеуметтік мәселелердің ұтымды шешімін тауып, тетіктерін келістіріп жүрген, азаматтық қоғамның құрылуына және дамуына үлес қосқан ҮЕҰ, қоғамдық кеңестер мен қоғам қайраткерлеріне «Таным» республикалық-қоғамдық сыйлығы берілді.
Қазақстан Азаматтық альянсы ұйымдастырған шара бойынша екі кезеңнен тұратын (дауыс беру және сарапшылар кеңесі мүшелерінің іріктеуі) бағалау нәтижелеріне сәйкес: «Адам құқықтарын қорғау және көтермелеу»аталымы бойынша –«Азаматтық құқық» ЖМ (Маңғыстау облысынан), «Ауылдағы азаматтық бастама» аталымы бойынша –«Балатай»ҚБ, «Тиімді қоғамдық кеңес» атылымы бойынша Өскемен қалалық қоғамдық кеңесі салтанатты марапаттау сахнасына шығып, еңбектерінің еленгенінің белгісі іспетті болған статуэткаларын иеленді.
Сонымен қатар ерекше күтімді қажет ететіндермен, осал санатты азаматтармен қыруар жұмыс атқаратын ұйымдардың да еңбектері құр қалған жоқ: «Әртүрлі тұлғалар тең мүмкіндіктер» аталымында «Женский луч» қоғамдықбірлестігі, «Белсенді азаматтық ұстаным»бойынша әлеуметтік осал әйелдерді дамытуды қолға алған «Мама Про» қоры, «Азаматтардың пайдасына арналған серіктестік»аталымы бойынша – «Дос» тәуелсіз өмір» мүгедектер орталығы» қоғамдық бірлестігі, «Балалар – біздің болашағымыз»аталымы бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың «Ұмай» емдік-тәрбиелік қайырымдылық мектебі, «Шексіз әлем»аталымынан «Солнечный мир» қоғамдық қоры, «Инклюзивтік спорт және білім беру»бойынша «Үміт-Надежда» тірек қозғалысы аппаратының қызметі бұзылғандарды қолдайтын қоғамдық бірлестік, «Өмір үшін»аталымы бойынша «Үміт үзбеу» қоғамдық қоры марапатқа ие болды.
Экология, табиғат пен жануарларды қорғау, спортпен дін де, еліміздегі еріктілікті дамыту мәселелері де назарсыз қалмаған: «Азаматтық қоғамның дамуына қосқан үлесі үшін»аталымы бойынша таңдау үздігі Серікқұл Берікқожаға бұйырды, «Таза ғаламшар» аталымында «Дворянин» жануарлар құқығын қорғау қоғамдық қоры, «Бейбітшілік, келісім - конфессияралық диалог негізі»аталымы бойынша «Сүннет» спорттық ойындар федерациясы, «Еріктілікті дамытуға қосқан үлесі үшін»аталымынан Алматы облысының Сарқан ауданынан қатысқан «Парыз» Сарқан ауданы еріктілері» ЖҚБ, «Дені сау ұлт – гүлденген Қазақстан» аталымынан – «Q-med» корпоративтік қоры құшақтарына марапат гүлдерін жинаса, Астана қалалық триатлон федерациясы және «Astana» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы «Жыл дебюті» атанды.
«Бүгін «Таным» триатлон федерациясына «Темір бала» жобасы үшін бұйырды. Шын мәнінде бұл жай марапат емес, жойқын күш беретін жағдай, әрі қарай жеңді сыбанып, құлшынып тұрып тер төгетін боламыз.
Бүгінгі күні біздің жобаға жасы 6-15 аралығындағы 200 бала жұмылдырылған. Олардың арасында ерекше күтімді қажет ететін балалар да бар. Алдымен ата-аналарына алғысымды айтамын, бізге артқан сенімдері үшін. Біздің осы Премияның сайысына түсуімізге де тұрткі болған ата-аналар еді. Ал жаттықтырушыларымызға жеке, тренерлерге айырықша алғыс айтамыз, олардың арасында халықаралық санатты мамандар бар, әрқайсысы дені сау ұрпақ тәрбиелеймін деген миссиямен біздің федерация құрамында қызмет етіп жатыр», - деді Астана қалалық триатлон федерациясының вице-президенті, киноактриса және продюсер Құралай Анарбекова Qazir-ге берген сұхбатында.
Жаннат Манасбайқызы.