Алматы қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтары карантин біткен соң өз жұмысын жаңаша бастайды, деп хабарлайды Qazir.kz
Вирустың таралу қаупі мен тұрғындардың өмірі мен денсаулығына алаңдаушылықтың сақталуына байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібін өзгерту туралы шешім қабылданған болатын.
Өзгерістер ХҚО-да көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлеріне ғана емес, оларды ұсыну форматына да қатысты. Алматылықтар ХҚО-ға электронды форматта қолжетімсіз, тек «қағаз» жүзінде көрсетілетін қызметтер (мысалы, жеке куәлікті, төлқұжатты ауыстыру, зейнетақы төлемдерін тағайындау), мен egov.kz арқылы рәсімделген өтініштердің нәтижесін алу үшін ғана келе алады. Екіншіден, енді ХҚО-ға бару үшін 1414 байланыс орталығы немесе немесе egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы кезек уақытын алдына ала брондау қажет болады. Сонымен қатар, азаматтар электронды форматқа аударылған және egov.kz порталында қолжетімді барлық мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын бұрынғыдай ХҚО ғимараттарында емес, тек өздігінен немесе әкімдіктер жанындағы кеңселерде, оқу орындарында, медициналық ұйымдарда және т.б. жерде орналастырылатын өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында ала алады және бұрынғыдай ЭСҚ-лар ХҚО-да берілмейді, тек eGov.kz порталы арқылы алынады.
«Қала тұрғындарына айтарымыз, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алыңыздар Порталда ресімдеуге болатын барлық қызметті онлайн тәсілмен рәсімдеңіз. Егер қиындық туып жатса, 1414 нөміріне телефон шалыңыздар, біздің ХҚО операторлары кеңес беріп көмектеседі. Сонымен қатар, азаматтар броньда белгіленген уақытта келуі тиіс. Егер белгіленген уақыты өтіп кеткен болса, қайтадан бронь жасауына тура келеді. Сонымен қатар, бронды ЖСН-ы ресімделген азамат ғана пайдалана алатынын ескергендері жөн. ХҚО-да қызмет алдын ала брондаусыз көрсетілмейтінін тағы да атап өткім келеді. Бұл азаматтардың ХҚО-да көптеп жиналуын болдырмайды және вирусты жұқтыру қаупін жояды, қызмет алушылар да өз уақытын үнемдейді» - дейді "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ Алматы қаласы филиалының директоры Данияр Қырықбаев.