Елордада 2020 жылдың 15 қазанында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының «Інжу-маржан» дәстүрлі маусымашар кеші өтті, деп хабарлайды Qazir.kz
Ғасырлар бойы сақталып келе жатқан халықтың музыка мұрасы насихатталып, қазақ халқының ғасырлар көшінде шаң баспаған сырлы айнасына айналған әндері шырқалып, әсем әуендері көңіл тербеді.
Өнер кешінде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі - Майра Мұхамедқызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері - Алтынай Жорабаева, Айгүл Қосанова, Мәдениет саласының үздігі - Секен Сыздық, Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары - Айнұр Қонысбаева, Перизат Тұрарова, Жақсыгелді Маясаров, Сәулежан Тағзия, Өзгеріс Шерікбай, Нұржан Мейрхан сынды өнер иелерімен бірге «Қорқыт» этно ансамблі мен “Шалқыма” халық би ансамблі қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Халқымыздың баға жеткісіз мол музыкалық мұрасында өзіндік қолтаңбалары бар өнер иелерінің кешін көрермен зор ынтамен қабылдады.