Qazir оқырмандарына бұған дейін де химик-технолог Маржан Досмағамбетованың тұрмыстық химияға қатысты шығарған отандық өнімдерін таныстырған болатын. « Жақында қазіргідей әлемді қауіпті індет қаусырып тұрған кезде ең қажетті дезинфекция құралдарының технологиясын жасадым, індеттен құтылуға маман ретінде қосқан үлесім осы», -дейді Маржан Қуанышқызы.
- Пандемия басталған кезде адамдар антисептиктер ала бастады , ол дұрыс деп санаймын. Антисептиктермен тек қолға ғана дезинфекция жасауға болады, ал коронавирус ауа кеңістігі арқылы , яғни тыныс алу жолдарымен ағзаға өтеді. Демек өзіміз тұратын үйдің , немесе пәтердің , подъездің кеңістігін вирустардан тазарту маңызды . Ол үшін не істеу керек ? Әкімдік қашан подъезді дезинфекция жасайды деп күтіп отыра беруге болмайды. Осыған орай бірнеше дезинфекция жасайтын құралдардың технологиясын жасадым , соның ішіндегі ерекше құрал «Асыл-аэрозоль №1» .
Мұның өзі екі түрлі ,біреуі вирусқа қарсы қолдануға пәрменді(максимальный) эффектісі бар , екіншісі күн сайын , тез арада(экстренный) эффекті беретін құрал . Бұл екеуінің айырмашылығы пәрменді құралды айына бір – екі рет үйді толық тазалау кезінде қолданады, дезинфекциядан кейін 2-3 сағат бойы есік терезені ашып желдету керек , дезинфекция барысында респиратор кию міндетті , препарат өткір иісті, әрі үйде балалар болмағаны абзал.
Екіншісін күн сайын таза емес аумақты , яғни кіре берісті дезинфекциялайды, оны шамалы ғана шашып , желдеткішті қосса жеткілікті , құрамы сүт қышқылы негізінде болған соң , ағзаға аса қауіпті емес әрі препараттың иісі аса өткір емес. №1 деген осы препараттың құрамының реттік саны , келесі құрамы №2 бұдан өзгешелеу болады . Вирустардың препаратқа бейімделуін болдырмау үшін , құрамын үнемі өзгертіп отыруға тура келеді , №1 препаратыңыз біткен соң , №2 алғаныңыз дұрыс , егер №1 қатты ұнап қалса , №3-тен кейін , №1- ді қайта пайдалансаңыз вирустың бейімделуіне мүмкіндік болмайды.Негізі үнемі жаңа құрамын алып пайдалану маусымдық вирусқа қарсы өте тиімді болып табылады , бір литрлік пәрменді(максимальный) флаконы 2,5 айға , күн сайынғы(экстренний) 1,5 айға жетеді . Осы уақытқа дейін қалада Қытайдан шығарылған препарат Дихлоризоцианурат натриймен дезинфекция жасап келді , бұл препарат суға езіп , отыратын орындықтардың немесе қандайда бір нәрсенің бетіндегі қонған микроб, бактерияны , вирусты жууға арналған. Бірақ Дихлоризоцианурат натрийді суда ерітіп , ерітіндісін ауа кеңістігіне тұмандатып(орошение) дезинфекция жасауға мүлдем болмайды , құрамында аты айтып тұрғандай хлордың 2-атомының , изоцианурат(усиливает) хлор CL2 молекуласына айналуын тездетеді. Химиктер жақсы біледі цианидтер орталық нерв жүйесін қатты зақымдайды , демек хлордың зиянын арттырумен қатар , қосымша әсері де адам ағзасына теріс ықпал етеді. Хлор тамақты қырып , тыныс алуға қиындық туғызады , кішкене сәбилердің өкпесін(поражение) 100% істен шығарып жіберуі ықтимал , сондықтан тұрғындар хлормен дезинфекцияға көп қызығушылық танытпағаны абзал. Жалпы Еуропада хлормен дезинфекция жасауға тиым салынған. Экстренный препарат сүт қышқылы негізінде жасалғандықтан балабақшаларға пайдалану тиімді , кішкене сәбилердің маусымдық тұмаумен ауруын болдырмауға мүмкіндік береді . Балалар ағзасына зиянсыз препаратты жасау үшін ұзақ ізденуге тура келді , екі шұқып бір қарап асықпай сапасына назар аудардым. Індеттен тез құтылуға маман ретінде қосқан үлесім осы.