22 қарашада ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі елордада жалпы республикалық «Халық заңгері» акциясын өткізеді, деп хабарлайды Qazir.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Акция 2019 жылдың 22 қарашасында «Астана» концерт залының ғимаратында өткізіледі.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін ұсыну. Кез-келген азамат еліміздің құқықтық қоғамдастығының үздік өкілдерінен қажетті кеңес ала алады. Олардың арасында прокуратура мен сот органдарының қызметкерлері, сондай-ақ бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың заңгерлері бар.
Акция 17:00-де басталады. Байланыс телефондары: 72-66-14, 8-705-659 4405.