Петропавл қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы автомектеп ашылады, деп хабарлайды 24 kz.
Әлеуметтік жобаның авторы Сәлімхан Сәбитов мүмкіндігі шектеулі жандарды тереңнен түсінеді. Бір ғана Петропавлда ол секілді тірек-қимыл жүйесі бұзылған 8 мыңнан астам адам тұрады. Енді олар да көлік мініп, жүргізуші куәлігін ала алады. Мыңдаған адамның арманы 6 млн теңгеге орындалды. Сәлімхан Сәбитовтың айтуынша, ол әр жұма сайын автокөлікті Челябі қаласына апарып, арнайы деталь құрастырады. Ол деталь осы мүгедек балаларға оқыған кезде және келешекте жүргізген кезде механизмді кішкене болсын ыңғайлатады.
Рөлдің маңайында ол екі функция орындайтын болады: тормоз бен газ. Осындай жобаларды қолдау Елбасының «5 әлеуметтік бастамасында» белгіленді. Үндеу Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық форумында талқыланып,бұл бағытта ұйым мүшелері биыл 3 мың түрлі іс-шара ұйымдастырған.