Тәуелсіздік күніне орайластырылған мерекелік отшашу 16 желтоқсанда сағат 22:00-де Есіл өзенінің жағалауында болады. Отшашу Тәуелсіздік күніне арналған ірі мерекелік іс-шараларды қорытындылайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.
Елорда әкімдігінің алдындағы Қалалық алаңда ашық аспан астында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен үлкен концерт өтеді. 16 желтоқсанда қала тұрғындары мен қонақтары Астана қаласының мемлекеттік академиялық филармониясы солистерінің, «Z» триосының, «Аламан» триосының, «Арт Домбыра» триосының, Досымжан Таңатаровтың, ағайынды Жүгүнісовтердің, Дос пен басқа да отандық әншілердің өнерін тамашалай алады.
Қазіргі кезде Астана қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге белсенді дайындық үстінде. Елордалық мәдениет және спорт мекемелерінде атаулы датаға орай түрлі шаралар ұйымдастырылады. Театрларда спектакльдер, көрмелер, концерттер, спорттық жарыстар және басқа да шаралар өтеді. Тәуелсіздік күні мерекесіне орайластырылған шаралар 6 желтоқсанда басталған болатын.
Иллюстративное фото - архив редакции.