4-6 мамыр аралығында астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Даму» қорының қолдауын алған отандық кәсіпорындардың көрмесі өтеді, деп хабарлайды Qazir.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Көрме барысында қазақстандық және шетелдік мамандардың шеберлік сабақтары; шетелдік әріптестер мен халықаралық қаржы институттарының қатысуымен B2B кездесулер өтеді деп жоспарланған.
«Даму» қорының мәлімдеуінше, «Ислам қаржысы: Қазақстандағы ШОБ дамуының балама бағыты» және EY Poland «Стартаптар экожүйесі – Қазақстан экономикасының жаңа қозғаушы күші» атты семинарлар өткізіледі.
Сонымен қатар көрмеге қатысушылардың арасында «Халық таңдауы» атты дегустация байқауы мен жеңімпаздарды анықтау өтеді. Көрмеге Қазақстанның барлық өңірінен келген 500-ден астам компания қатысады.
Фото: astana.gov.kz