Байқауға 14-29 жас аралығындағы елордалық жастар қатыса алады, деп хабарлайды Qazir.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Өтініштерді қабылдау 15 қазанға дейін жалғасады. Байқау елорданың белсенді, шығармашыл жастарын мемлекеттік деңгейде қолдауға, креативті жастардың үкіметтік ұйымдармен тығыз ынтымақтастығына және олардың жетістіктерін xалық арасында насихаттауға бағытталған.
Жастар жылы аясында өткізілетін «Елорда жастары сыйлығы» байқауына 14-29 жас аралығындағы, халықаралық немесе республикалық байқаулар мен фестивальдердің жеңімпаздары, өз саласының үздігі атанып, елордамыздың дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген белсенді жастар үміткер бола алады.
Байқауда 16 номинация және екі арнайы сыйлық қарастырылған. Байқау комиссиясы әр номинация бойынша үздік үштікті іріктейді, жеңімпаздарды халықтық дауыс беру қорытындысы бойынша анықтайды. Олардың есімдері 7 желтоқсан "Бейбітшілік және келісім сарайында"өтетін салтанатты кеште жарияланады. Сыйлық жеңімпаздарына дипломдар мен естелік статуэткалар беріледі.
Байқау ғылым, заманауи шығармашылық өнер, журналистика, әлеуметтік қызмет, спорт, кино және театр, эстрада, әлеуметтік саланың үздік қызметкері, Өндірістің үздік қызметкері, жыл волонтеры, жас кәсіпкер, Үздік мемлекеттік қызметкер, SMM-менеджер, Жыл Студенті және т.б. аталымдар бойынша өтеді. Халықтық SMS-дауыс беру біздің ресми сайтта жүзеге асырылады. Толық ақпаратпен www.elordajastary.kz сайтында танысуға болады.