Мамыр айында толық форматты кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының ашылуы жоспарлануда, деп хабарлайды Qazir.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жаңа орталық бизнес үшін жобаларды жүзеге асыруға қажетті қаражат пен мемлекеттік қызметтерді алу шараларын жеңілдетуі тиіс. «Бір терезе» қағидасы бойынша кәсіпкер жобаның толық сүйемелдеуі мен барлық қызмет түрлерін ала алады.
Сонымен қатар, Астана әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Кәсіпкерлер картасын әзірлеп жатыр, онда жалпы мәліметтерден басқа олардың белсенді мәртебесі көрсетілетіп, әрбір кәсіпкер жөнінде деректер енеді.
Астана кәсіпкерлерінің картасы әрбір кәсіпкер туралы егжей-тегжейлі деректер базасы болып табылады. Онда жалпы мәліметтерден басқа олардың белсенді мәртебесі, яғни кәсіпкердің несиесі бар ма, жұмыс істей ме әлде банкротқа ұшырайын деп тұр ма, салық төледі ме, қандай мамандарға зәру т.с.с. деректер көрсетілетін болады. Қазіргі кезде деректерді жаңартатын және жағдайды нақты уақыт режимінде бақылайтын портал әзірлеу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.
Иллюстративное фото - архив редакции.