Қазанның 5-6 күндері Нұр-Сұлтан қаласында Қарағанды облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Qazir.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жәрмеңке аясында Бауырсақ және қымыз фестивалі ұйымдастырылмақ. Қала тұрғындары демалыс күндері «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығының жанында ауылшаруашылық жәрмеңкесінен өздеріне қажетті өнімді сатып алуларына болады.
Жәрмеңкеге өңірдің 9 ауданы мен 4 қаласынан 80 шаруа қожалықтары және қайта өңдеу кәсіпорындары өз өнімдерін ұсынады. Сауда сөрелерінде барлығы 600 тоннадан астам өнім сатылады. Оның ішінде: 100 тоннадан астам ет және ет өнімдері, 15 тонна сүт өнімдері, 360 мың дана жұмыртқа, 5 тонна балық және 16 тоннадан астам басқа да өнімдер әкелінеді.
Сонымен қоса, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің аясында өтетін фестивальде келушілер назарына өңірдің шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасы ұсынылады.
Фото: astana.gov.kz.