«Самғау» СҮ-де қала тұрғындары мен қонақтары бір ай бойы Өзбекстаннан әкелінген әр түрлі өнімдерді көтерме және бөлшек сауда бағаларымен сатып ала алады. Ассортиментте техника, маталар, азық-түлік тауарлары, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Жоба Қазақстан мен Өзбекстан елдері басшыларының бастамасы бойынша жүзеге асырылып жатыр. Бұл бастаманы қазақстандық «Nur Group» компаниясы Өзбекстанның шағын бизнес пен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің экспортын қолдау қорымен бірлесіп іске асыруда.
Ынтымақтастық жобасы өндірушілердің өз өнімдерін ұсынуы туралы тепе-тең негіздегі ұзақ мерзімдік қызметті қарастырады. Сонымен қатар, шеберлік сыныптарын өткізуге арналған Самарқанд, Бұқара, Түркістан қалалары мен басқа да ұйымдардың стендтері ұсынылмақ. Келушілер өз қалауы бойынша зергерлердің, қышшылар мен суретшілердің шеберлік сыныптарына қатыса алады.
Фото - ашық ақпарат көзінен.