Бүгінде бірізділікті қажет ететін саланың бірі-құқық қорғау қызметі. Ол туралы Мемлекет Басшысы ағымдағы жылдың 10-шы қазанында қазақстандықтарға арналған дәстүрлі Жолдауында ерекше тоқталып өтті.Онда құқық қорғау органдарының жұмысына терең және сапалы өзгерістер қажет екендігін айта келе,қауіпсіздік тұрмыс сапасының ажырамас бөлігі болып саналатындықтан,полиция тек қоғамдық тәртіптің сақталуына жауап беріп,ал өзіне тиесілі емес функциялардан арылуы қажет екендігін жеткізді.Яғни, полиция қызметкері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге ғана жауап беруі керектігі баса айтылды.Ол үшін Президент «Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасын» қабылдауды тапсырғанын білеміз. Әрине әр қазақстандық үшін кезекті Жолдау, әлеуметтік мәселелерге бағытталған мазмұнымен маңызды болғаны рас.Өйткені, биылғы Жолдаудың өзегі тікелей халықтың әлеуетін арттыруға негізделді. Онда, тақырыбына сай «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» бойынша тиісті ведомстволарға көптеген тапсырмалар да жүктелді.Биылғы Жолдаудың басты артықшылығы көтерілген мәселелер жалпылама емес, нақты әлеуметтік салаға, яғни әр қазақстандықтың тұрмыстық ахуалын жақсартуға бағытталғандығында. Жолдауда жүктелген міндеттер келер жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырыла бастауға тиіс делінді.
Демек, 2019 жылы білім мен медицина, аймақтық даму, ауылдарды көтеру сияқты тағы басқа да әлеуметтік мәселелермен қатар, қоғамдық талқылаудан тыс қалмаған ел ішінің тыныштығына жауапты қазақстан полицейлерінің жұмысына жаңа реформа енгізіліп, ол бастамалар іс жүзінде атқарыла бастайды. Бұл мәселеде осы саланың басшылық құрамында қызмет етіп отырған біз үшін, Жолдауда айтылған отандық полиция жұмысын жетілдіру үлкен міндет, әрі бұнда жеке құрам мен жалпы қоғамның бізге деген сенімі тұр. Бұл орайда біздің міндет; әр азаматтың жеке-бас құқығын қорғай отырып, өзімізге тікелей міндеттелген көліктегі ішкі істер департаментіне қарасты темір жол саласындағы қоғамдық тәртіпті қамту көзделіп отыр. Ол үшін ведомство полицияларын жекелей қайта аттестациялаудан өткізіп, заңдық сауаты жоғары және әскери дайындық жаттығуларын үздік меңгерген деп танылған полицейлерді қайта жасақтап, кадр мәселесін шешу жұмыстары жүргізілмек. Нәтижесінде,қызметімен ерекшеленген үздік кадрлардың жақсы жұмыс істеуі үшін, олардың келер жылдан бастап жалақыларын көтеру мен жалпы әлеуметтік жағдайларын жасауды қолға алу жоспарда бар.Бұл мәселеге де Елбасы кезекті Жолдауында ерекше тоқталып өтті. Осындай қолдаулар арқылы олардың жұмысына қояр талапты да көтеру орынды. Ал талап жоғары болған жерде, жұмыстың нәтижелі болатыны анық. Бұл жерде, полицияға қоғам тарапынан білдірілетін сенім деңгейі де артары сөзсіз. Яғни, саннан сапаға көшу арқылы полиция қызметін оңтайландыру басты мақсат.
Дастан Бекетұлы
Астана станциясы Ішкі істер желілік басқарма бастығының орынбасары, полиция подполковнигі