Астанада денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға 23 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл туралы қала активінің отырысында әкім Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.
Елорда тұрғындарының саны күн санап артып келеді. Қаланың демографиялық өсімі қарқынды. Бүгінгі таңда бас қалада 48 мың бала мектепке дейінгі білім беру орталықтарында тәрбиеленсе, 146 мың бала мектепте одиды. Осыған орай биыл 7 мектеп пен мектепке жапсарлас 5 ғимараттың құрылысы аяқталады деп жоспарлануда. Бұдан бөлек, 2 мектеп 1 кәсіби бейімдендіру мектебінің және көру қабілеті нашар балаларға арналған балабақшаның құрылысы жалғасатын болады.
Қала әкімі 2019 жылға жоспарланған әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына да тоқталды.Оның айтуынша,денсаулық сақтау жүйесінде дәрігерлерге жүктемені азайту үшін амбулаторлық емхана жүйесі қайта ұйымдастырылуда. Сонымен қатар жалпы 105 тәжірибе дәрігерлер учаскелері ашылып, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының көрсеткішіне, яғни бір дәрігерге 1700 адам көрсеткішіне қол жеткізілген.