Жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін бірегей бағдарлама іске қосылды, оған сәйкес облыстың 29 жасқа дейінгі тұрғындары алдын ала жарнасы 350 мың теңге және ай сайынғы төлемі 35 мың теңге болатын бір бөлмелі пәтерді сатып ала алады. Облыс әкімінің айтуынша, жыл ішінде жастарға түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында кем дегенде 1 000 жеңілдетілген пәтерлер салынады, деп хабарлайды Qazir.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтөбе облысының жалпы халқының төрттен бір бөлігі немесе 208 мыңнан астам адам - 14-29 жас аралығындағы жастар. Облыс әкімі сондай-ақ, жұмыспен қамту мақсатында кем дегенде 10 мың жаңа жұмыс орны ашылатынын, 800 адам «Бизнес Бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытылатынын, олардың көпшілігі бизнес-жобаларын қорғаған соң оларды жүзеге асыруға қолайлы несиелер мен қайтарымсыз грант алуға және мүмкіндік алатындарын жеткізді.
Жастардың кәсіпкерлік бастамасын қолдау үшін стартаптарды қаржыландыруға 40 млн. теңге бөлініп, «Еңбек» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген шағын несие беріледі және әртүрлі көздерден грант қаражаты тартылады.
«Біздің облыста заманауи ақпараттық технологиялар, инновациялар, цифрлық бағдарламалар саласындағы мамандарды дайындайтын тірек университет болып Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ анықталды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 10 колледж халықаралық стандарттарға толығымен сәйкес келу үшін жаңғыртылатын болады. Аталмыш оқу орындарында қазіргі заманғы әлемде сұранысқа ие кем дегенде 7 жаңа мамандық ашылады. Мектептерде былтыр балалар жылы басталған «Бақытты бала» жобасы аясындағы білім беруді жетілдіру, IT-класстарын ашу бойынша ауқымды жұмысты жалғасады. Жалпы алғанда, «Бақытты бала» жобасы бізге Жастар жылының бастамаларын сәтті жүзеге асыру үшін керемет алаң құруымызға мүмкіндік берді», - деді облыс әкімі.
Аймақ басшысы кездесу барысында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, жұмысшы жастарға, еріктілер қозғалысын дамытуға және спорттық инфрақұрылымға (спорт алаңдарын, көшедегі жаттығу алаңдарына) еркін кіруге көп көңіл бөлінетінін мәлімдеді.
«Жетім балалар, жұмысшы жастар тұрғын үймен, тегін кәсіптік біліммен мүмкіндігінше қамтамасыз етілу керек, сонымен қатар, жастардың құқықтарын қорғау үшін барлық салаларда жастар комитеттері құрылуы тиіс. Елбасы волонтерлік қозғалысты дамыту міндетін қойды. Біздің өңірдің еріктілері өте белсенді, Сіздерді мақтанышпен айтуға болады, жарайсыздар. Біз Президенттің тапсырмасы бойынша барлық оқу орындарында стипендияларыңыздың 30%-ға артуын қадағалаймыз. Бұдан басқа, аймақтағы еріктілердің корпусы құрылады, біз оны қаржыландыруға дайынбыз. Біз сапалы демалысты қамтамасыз ету үшін мәдени және спорттық нысандардың желісін кеңейтуді жалғастырамыз. Қазір бізде сіздер үшін есігі әрдайым ашық тұратын қызықты, бірегей спорт және мәдени нысандар бар. Сол жерлерге барыңыздар, өзіңіздің мүмкіндігіңізді іске асырыңыздар. Ең бастысы - уақытты босқа кетірмеңіздер», - деді Бердібек Сапарбаев.