Барокамерадағы сеанстар шаршауды басады, кернеулі жұмыстан кейін күштерді қалпына келтіреді, бұлшық ет тонусын арттырады, күйзеліске қарсы, жалпы нығайтатын және сергітетін әсерге ие, ластанған атмосфераның жағымсыз әсерін төмендетеді, деп хабарлайды Qazir.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Барокамера Астанадағы №1 ауруханада науқастарды емдеу үшін қолданылады.
Бұл әдіс бас сүйек-ми жарақатымен және оның қалдық құбылыстарымен, инсульт салдарынан науқастарды емдеуде невролгияда табысты пайдаланылады. Терапияда созылмалы гепатиттер, асқазанның ойық жара ауруы, артериялық гипертония, қант диабеті кезінде тиімді әсері байқалған. Хирургияда жабысқақ ауруын, фурункулезді, сынықтарды емдеу мүмкіндігіне ие.
Сонымен қатар, оны қолдануға болмайтын аурулардың бірнеше түрі бар. Оларға эпилепсия, жіті пневмония, өте жоғары артериялық қысым, жоғарғы тыныс алу жолдарының жіті қабынуы аурулары жатады.
«Қазіргі барокамералар емдік сеанс кезінде қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді. Әдетте, науқастар ГБО сеанстарын жақсы көтереді. Қолданылған әдістеме мен тұрақты бақылау жағымсыз әсерлердің жоқтығына кепілдік береді", - деп атап өтті №1 қалалық аурухананың жоғары санатты дәрігері Людмила Лепеш.
Фото: ашық ақпарат көзінен.