ЕҰУ мен БМАРУ арасында қос дипломды білім беру бағдарламасының салтанатты ашылу рәсімі өткізілді,деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметінен.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ерлан Сыдықов 2011 жылы Беларусь Республикасының Президенті А.Г.Лукашенконың Астанаға сапары барысында Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары және Ғылыми-зерттеу институты арасында ғылым және білім беру Консорциумын үйлестіру жөнінде қол қойылғанын атай келіп, алғашқыда қос тарап Консорциумға 13 жоғары оқу орны мен 3 Ғылыми-зерттеу институтын енгізсе, қазіргі күні білім беру және ғылыми-зерттеу саласының ауқымы кеңейе түскенін жеткізді.
«Консорциум құрамына бүгінгі таңда Қазақстаннан 22 ЖОО, Беларусь елінен 24 жоғару оқу орны және ғылыми-зерттеу институттары кіріп отыр» деді ректор. Сондай-ақ екі елге қатысты үш орталықтың жұмыс істеп тұрғанын да айта келіп, 2012 жылы Еуразия ұлттық университетінде «Беларусь» тіл және мәдениет орталығы жанынан Қазақстан-Беларусь ғылыми-техникалық ынтымақтастық орталығы құрылғанын, 2017 жылы ЕҰУ Беларусь эталонды құқықтық ақпарат орталығы ашылғанын тілге тиек етті.
Өз кезегінде сөз алған Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Анатолий Ничкасов 2018 жылы М.Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінде өзара ынтымақтастық шеңберінде Беларусь – Қазақстан мәдени-білім беру ораталығының салтанатты ашылу рәсімі өткенін, содан бергі уақытта, Еуразия ұлттық университеті мен Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінің арасындағы мәдени-білім беру қарым-қатынасы жоғары деңгейде дамып келе жатқанын атап өтті.
- Жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастық бүгінгі күні негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асуда, ол – білім беру, ғылым және мәдениет, - деді Елші. Сондай-ақ, Беларусь ұлттық техникалық университетінде 2012 жылдан Абай атындағы Қазақ тiлi, тарихы мен мәдениеті орталығы жұмыс істейтінін, аталмыш орталық еліміздің оң келбетін насихаттайтын мәдени іс-шараларды өткізуге зор үлесін қосып келе жатқанын жеткізді.
Жоғары оқу орындары арасындағы келісімдерді халықаралық деңгейде кеңейту тек екі диплом мамандарын шығару ғана емес, сонымен қатар жас ғалымдарға стартап идеяларды нақты жобаларға енгізуге қолдау көрсетуді көздейді.
Осыған байланысты Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ екі дипломды білім беру бағыты бойынша алғаш рет екі елдің серіктес ЖОО Беларусь Республикасы мен Қазақстан-Беларусь ғылыми-білім Консорциумы негізінде бірден 45 бірінші курс бакалавриаттары оқуға қабылданды.Бүгінгі таңда БМАРУ "Ақпараттық технологиялар және техникалық жүйелерді басқару" аса қызықты әрі ауқымды да бірегей мамандық болып табылады.
Фото: университеттің баспасөз қызметінен.