Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице- министрі Динара Щеглова баяндады, деп хабарлайды primeminister.kz
Д.Щеглованың айтуынша, ауыл тұрғындарына телефон және интернет тарифтері бойынша (2013 жылдан бастап) өз құнынан төмен бағамен қызмет көрсетіледі. Телефон байланысы тарифі — 596 теңге (ал өзіндік құны — 1125 теңге), интернет тарифі — тарифтік жоспарға қарай 982 теңге мен 1964 теңге аралығында (өзіндік құны — 2932 теңге).
Ауылдық жерлерде тариф бойынша әмбебап қызмет көрсететін операторларға өтемақы бюджет есебінен төленеді. Биылғы жылы осы қызметтерді субсидиялауға 8,7 млрд теңге қаржы бөлінген.
«Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік индексінде байланыс қызметтерінің тарифтік қолжетімділігі бойынша Қазақстан жоғарғы орында тұр. Оның ішінде ұялы байланыс тарифтері бойынша Қазақстан 140 елдің ішінде 29 орында болса, ал бекітілген кеңжолақты интернет қызметтері бойынша 20 орында», — дейді Д. Щеглова.
Фото: ашық ақпарат көзінен.