1 наурыз күні 19.00- де «Астана Операның» Камералық залында «Романс сиқыры» концерті өтеді, деп хабарлайды Qazir.kz театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Концертте ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты меццо-сопрано Татьяна Вицинская, контртенор Батыржан Смақов, халықаралық байқаулардың лауреаты тенор Рамзат Балакишиев және дарынды аспапшылар – Амина Тайкенова ин дер Шмиттен (фортепиано), Любовь Ткаченко (арфа), Әсел Жақиянова (скрипка), Ботагөз Қалиева (виолончель), Әліби Асақаев (гитара), Жібек Сапарғалиева (флейта), Ерболат Ташкенбаев (соқпалы аспап) өнер көрсетеді.
Концертте тыңдарман назарына испан сарсуэлалары мен опера көріністері ұсынылып,туындылар рояль, скрипка, гитара және арфаның сүйемелдеуімен орындалады.
Мазмұнды бағдарламада барокко дәуірінің сирек орындалатын дуэттері, Фернандо Обрадорс пен Мануэль де Фальяның атақты испан әндері мен сарсуэлалары, «Только раз бывает в жизни встреча», «Ямщик, не гони лошадей», «А на последок я скажу» сияқты көне орыс романстары, танымал туындылар – Камиль Сен-Санстың «Самсон мен Далила», Жорж Бизенің «Кармен» операларынан көріністер бар.
Фото: театрдың баспасөз қызметінен.