1 наурыз күні сағат 10:00-де Астанада Ұлттық Академиялық кітапханасының «Конституция» залында «Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау арқылы ауылда өмір сүру сапасын арттыру» атты республикалық конференция өтеді. Бұл іс-шара «Coca-Cola Белестері» әлеуметтік жобасының 2012 жылдан бері дәстүрлі түрде жүзеге асырылып келе жатқан әйелдер арасындағы жыл сайынғы бизнес-идеялар конкурсынан бастау алады.
«Coca-ColaБелестерi» - Coca-Cola компаниясының әлемнің 5by20 әйелдерді қолдау жөніндегі көпжылдық бағдарламасының бір бөлігі, оның шеңберінде Coca-Cola 2020 жылға қарай әйелдерге бизнес-тренингтерге қатысу мүмкіндігін беру және шағын бизнесті дамытуға қаржылық көмек алу арқылы бүкіл әлемдегі 5 млн. әйелді бизнеске тартуды жоспарлап отыр.
Конференцияны ұйымдастырушылар «Жасыл экономика және G-Global дамыту Коалициясы» ЗТБ және «Әлеуметтік динамика» Қоғамдық Қоры. Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, даму институттарының, халықаралық ұйымдардың, қоғамдық ұйымдар мен бизнес-құрылымдардың, БАҚ өкілдері қатысады.
Конференция барысында әйелдерге өз бизнесін ашуға мүмкіндік беретін бағдарламалар, сондай-ақ ауылдағы бизнесті қолдаудың мемлекеттік тетіктері таныстырылады. Сондай-ақ, жыл сайынғы «Coca-ColaБелестері» атты үздік бизнес-идеяға конкурс жарияланады, оның қорытындысы бойынша 10 әйел грант алады. 2013 жылдан бастап жобаның тренингтеріне 11 мыңнан астам әйел қатысты, олардың 850-і конкурсқа қатысуға өтінім берді және 51 әйел жалпы сомасы 206 мың АҚШ доллары көлемінде грант алды. Нәтижесінде жаңа кәсіпкерлер 130 жұмыс орнын ашты.
«Coca-ColaБелестері» жобасы 2019 жылға қарай Ақмола, Алматы және Қарағанды облыстарын қамтыды. Жобаның алты жылы ішінде ұйымдастырушы «жасыл» технологияларды пайдалана отырып, бизнес негіздеріне арналған 200-ден астам оқыту тренингтерін өткізді. Кәсіп ашуға деген қызығушылық жыл сайын артып келеді. Конференция аясында ауылдарда сұранысқа ие: «Бизнесте жасыл технологияларды қолдану», «Coca-ColaБелестерi» кейстерін пайдалана отырып, әйелдер бизнесінің тиімді маркетингі», «Шағын бизнесті дамытуға арналған Онлайн-құралдар» тақырыптары бойынша қатысушыларға арналған шеберлік-сағаттары мен тренингтер өтеді.