«Шаһарларға саяхат» айдарында бүгін еліміз тарихында ерекше орны бар, бұрын қазақтың астанасы болған – Қызылорда қаласы жайлы сыр шертеміз.
1.Қала атауы қалай өзгерді?
Қызылорда қаласының тарихында оның атауы бірнеше рет өзгергенін айта кеткеніміз жөн. 1918 жылы қала Ақмешіт аталса,1853 жылы Перовск болып өзгерген. 1922 жылы қайтадан өз атын алса,1925 жылдан бастап Қызылорда деп аталды. Ақмешіт 1818 жылы Қоқан хандығы кезінде Сырдария бойында алғаш қорған ретінде салынып,ақ кірпіштен өрілген мешіттің түсіне орай осылай аталса керек.
2.Қала тарихынан бір үзік сыр.
1853 жылы Орынбор генерал-губернаторы В.Перовский Сыр қазақтарын қорғаймын деген желеумен орыс әскерлерімен қамалды басып алып,қоқандықтары қуып шыққандықтан ол Перовск деп аталған.1867 жылы қала Сырдария уезінің орталығына айналды.1905 жылы Орынбор-Ташкент теміржолының пайдалануға берілуіне байланысты қалада депо,вокзал үйлері салынған.Ал,1922-1925 жылдары ол қайтадан Ақмешіт атауын алса, 1925-1929 жылдары Қазақстанның астанасы болғаны тарихтан мәлім.
3.Қызылорда- қазақтың бұрынғы астанасы
1925 жылы қалаға Қызылорда атауы беріліп, астана атанса,1938 жылы Қызылорда облысы құрылған.Сыр өңірі бұл қалада атақты ақын-жазушылардың туындылары сахналанғанын,М.Әуезовтың «Еңлік-Кебегі» қойылғанын мақтанышпен айтады. Қорқыт баба,Жалаңтас Баһадүр,Әйтеке би,Жанқожа,Бұқарбай,Тоғанас батырлар, сондай-ақ қазақтың біртуар перзенттері Мұстафа Шоқай,Темірбек Жүргенов,Ғани Мұратбаевтардың есімдерін жас ұрпақ жадында ұстап,үлгі тұтады.
4. Ақ маржандай күрішімен танымал қала
Олар жер еміп, маржандай күріш егіп, еліне еңбегімен танымал болған Балдырған Мұстапаева,Балапан Арзымбетова, Бексұлу Синаева,Райкүл Жалғасбаева,Рысты Өкшебаева,Нәзира Сейсеновадай қыздарының есімін ерекше ілтипатпен атайды.
5. Қызылорда –білім мен ғылым ордасы
Қызылорда астана болған жылдары орта оқу және арнаулы оқу орындары, өнеркәсіп және ауылшаруашылық мекемелерімен қоса орталықтан ғылыми-зерттеу ғимараты қазақтың эпидемиология жәнек гигиена институтының негізінде егу лабораториясы дүниеге келді. Сондай-ақ, ең алғашқы рет қазақтың ғылыми-зерттеу, жер қыртысын зерттеу, қазақтың мал дәрігерлік-бактериологиялық және де басқа институттары өз жұмысын осы қалада бастаған.
6. Қаланың қазіргі келбеті
Бүгінде қаланың сәулеті ерекше айшықталып,зәулім ғимараттар мен құрылыстар салынды: аквасаябағы, әуежай ғимараты, Қорқыт ата ескерткішінің кешені, өкілетті үй, пирс. «Тағзым» алаңы, Орталық стадион, вокзал алдындағы алаңы мен теміржол вокзалының ғимараты, «Сарқырама» каналы, «Айтбай» мешіті, облыстық филармония ғимараты, «Рахат» дүкені, №2 орта мектебі, «Дельфин» жүзу бассейні және тағы өзге де ғимараттар қайта жаңартылды.
7. Қызылорда жайлы деректер
Территориясы 821 шаршы километр. Халық саны – 253 994 адам. Олардың 92 пайызы қазақтар. Өзге ұлттың басым бөлігін орыстар (10112), корейлер (6256), татарлар (1303), өзбектер (989), шешендер (400) құрайды. Қызылорда қаласының әкімшілік-аумағының құрамына 2 кент әкімшілігі мен 7 ауылдық округ кіреді.
Қала жайлы ашық ақпарат көздерінен деректер жинақтаған: Раушан Бекмырза
Фото - ашық ақпарат көздерінен алынды