Елбасының халыққа жолдауында айтылатын бастамалардың бірі-денсаулық сақтау саласын жетілдіруге бағытталады. Соның бірі жаһандық бәсекеге қабілеттілікті іске асыру барысында құрылған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы. Бұған қатысты қазақстандықтардың денсаулығына жауапты ведомство, өз жұмыстарын денсаулық сақтау саласын цифрландырумен сәйкестендіріп отыр. Бұл бағытта арнайы 2017-2018 жылдарға арналған жол картасы да әзір. Өткен жылы құрылған бастама пилоттық жоба ретінде енгізіліп, бүгінде жаңа жүйемен жалғасуда. Оның аясында әрбір қазақстандық азаматтың жеке ұяшығы-денсаулығының электронды паспорты болады. Оған қоса жекелеген қызмет түрлері де автоматтандырылуда. Мәселен: цифрландыру бағдарламасы денсаулық сақтау жүйесін, үйге жедел-жәрдем мен дәрігерді шақырудан бастап бүкіл прафилактикалық, диагностикалық және емдік меициналық қызметтерді қамтуы тиістігі міндеттеледі.
Ал биыл еліміздің бірнеше өңірінде Қарағанды, Қостанай, Ақмола мен Батыс Қазақстан облыстарында қағазсыз денсаулық сақтау жүйесі пилоттық режимде енгізілді. Ал келер жылдың яғни 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, медицина ұйымдарының барлық құжаттамалары толықтай қағазсыз форматта жүзеге асырылмақ. Сонымен қатар бүгінде «Патронаж мейірбикесі және ерте жастағы балаларды күту» мобильді қосымшасы да әзірленуде. Бұл саланы цифрландыру бағытында жасалатын жұмыстардың барлығы, жауапты министрлік басшысының айтуынша, медицина қызметкерлерінің еңбек өнімін ұлғайтып, халықты медициналық қызмет жұмысымен сапалы қамтамасыз ету көзделген. Қысқасы, Мемлекет басшысының әркез, бірінші кезеңде тапсыратын бастамаларының бірі-осындай заманауи талапқа сай бағытында жүзеге асырылмақ.
Сөз соңында халыққа тағы бір ақпарат; халықты тегін дәрі- дәрмекпен қамтамасыз ету үшін биыл 874 атаулы дәрілер сатып алынған. Олардың барлығы бүгінде еліміздің медициналық мекемелеріне жеткізіліп отыр. Бұған сәйкес Үкімет өткен жылы біріңғай дистрибьютердың сатып алу рәсімдерін реттейтін ережеге түзетулер енгізу туралы шешім қабылдаған болатын. Ал бұл дегеніміз -қысқа мерзімде халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге үлкен мүмкіндік бермек.
Салтанат Сәдібекқызы