«Шаһарларға саяхат» айдарынан Қостанай облысындағы алтын кен өндірісі мен асбест рудасы арқылы кеңінен танымал Жітіқара қаласының өткені мен бүгіні жайлы сыр шертетін мәліметтермен таныса аласыздар.
1. Қала жайлы қысқаша мәлімет. Шаһардың іргетасы алтын кен орнын игеруге қатысты қаланған. 1939 жылы бұған дейін жұмысшы кенті атанған елді мекен қала мәртебесін иеленді. Қала облыс орталығы Қостанайдан 217 км қашықтықта орналасқан. Ол солтүстік-шығысқа қарай Қостанай облысының Денисов және Қамысты аудандарымен, батысында - Ресей Федерациясының Челябинск облысының Бредин ауданымен, оңтүстік-шығысында - Ресей Федерациясының Орынбор облысының Адамов ауданымен шектеседі.
2. Шаһардың өткенінен бір үзік сыр. Қазіргі Жітіқара қаласының орынында алтын іздеушілер қоныстанған "Веселый аул" кенті болған. Алғашқы кен орындары негізінде 1922-1923 жылдары "Уралзолото" тресі Жітіқара бас алтын кеніші басқармасы аталса, 1933 жылы басқарма Бүкілодақтық Жітіқара мемлекеттік алтын өнеркәсібі комбинаты болып қайта құрылды. 1936 жылы комбинат Қостанай облысындағы ең ірі кәсіпорын болды, онда бес мыңға жуық адам жұмыс істеген.
3. Қаладағы әлеуметтік нысандар. Жітіқара қаласында 8 мектеп, соның ішінде 2 мемлекеттік тілде, 8 шағын орталық, 1 кешкі мектеп, 4 мектепке дейінгі және 3 мектептен тыс мекеме бар.Сонымен қатар мәдениет үйі, қонақ үй, 6 кітапхана, кинотеатр, аудандық аурухана, емхана, т.б. мекемелер халыққа қызмет көрсетеді. Қалалық тұрғындарды емдеу және профилактикалық күтімді орталық аудандық аурухана 145 төсек орынға арналған. Қалада 87 спорт объектісі, соның ішінде 1 стадион, 1 шаңғы базасы, 8 спорт ядросы, 43 спорт алаңқайы, 2 футбол алаңы, 1 бассейн, 17 спорт залы орналасқан.
4. Жітіқара өңірінің мақтаныштары.Ұлы Отан соғысы жылдары Александр Матросовтың ерлігін қайталаған Кеңес Одағынының Батыры Естай Есжанов осы топырақта өмірге келген. Елге еңбегімен танылған Социалистік Еңбек Ерлері Юрий Шелкоплясов пен Асқар Ізтаевтың есімін жітіқаралықтар құрметпен атайды.
5. Қаладағы полиция мұражайы.Жітіқара қаласы аталған ауданның орталығы саналғандықтан, осында орналасқан ерекше мұражай жайлы да тоқтала кетсек, полция мұражайында 700-ден астам экспонаттар бар екен. Мұражайға мектеп оқушылары және жаңадан қызметке алынған тәртіп сақшылары келіп, полицияның қалыптасу тарихы мен аға буынның ерлік істері жайлы мол мағлұмат алады.
6. Көлік инфрақұрылымы. Көлік тұрғысынан алғанда, қала темір жолдың тұйығы болып табылады. Қаланың 110 шақырымында ірі теміржол вокзалы - Тобыл станциясы орналасқан. Теміржол көлігі ішкі маршруттар бойынша - Қостанай қаласына Тобыл станциясы арқылы қала маңындағы поезд арқылы жүзеге асырылады.
7. Қаланың қазіргі тіршілік тынысы. Қалада асбестің республикалық көлемінің 100% өндіріліп отыр.Тау-кен өнеркәсібінде құрамына хризотилді асбест рудасын өндіру және байыту бойынша Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын - сыртқы экономикалық қызметтің белсенді қатысушысы - «Костанайские минералы» АҚ. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 400 мың тонна жоғары сапалы хризотилді-асбест өндіруге жетеді. Шаһардың аумағы 6080 га, халықтың тығыздығы 1 шаршы метрге 572 адамнан келеді, қала тұрғындарының саны 2018 жылғы 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша 34 814 адам.
Шаһар жайлы мәліметтерді интернеттегі ашық көздерден жинақтаған: Раушан Бекмырзақызы.
фото: ашық ақпарат көзінен.