"Жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй" бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау 5 қараша күнi басталып, 10 қараша күнi аяқталады, деп хабарлайды Qazir.kz елорда əкiмдiгiнiң ресми сайтына сілтеме жасап.
5 қараша күнi елордада жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінімдер сағат 10:00-ден бастап Smart Astana порталы арқылы қабылданады. Құжаттар 10 қараша күнiн қоса есептегенде аяқталады.
2019 жылы барлығы 1050 пәтер беріледі. Тұрғын үй жұмыс iстейтiн, 29 жасқа дейінгі жастарға 5 жылға беріледі. Жалға беру шаршы метрге байланысты айына 5-тен 15 мың теңгеге дейін деп белгіленген.
Иллюстративное фото: архив редакции.