«Жастар жылы» аясында елімізде көптеген шаралар өтіп, жобалар қолға алынатыны белгілі. Жастар жылы аясында Президентіміз негізін қалаған Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде көптеген ауқымды шаралар жүзеге асырылады ,деп хабарлайды Qazir.kz университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жастар жылына арналған «Жастар» бағдарламасының жоспарында рухани патриоттық шаралар, білім және білік, ғылым және халықаралық қатынастар, әлеуметтік бағыт, саламатты өмір салты бойынша жыл бойы іс-шаралар өтеді. Оның ішінде рухани салада республикалық ән байқауы, пікірсайыс турнирі, жас ақындар айтысы, мүшәйра, жайдарман ойындары, сурет көрмесі, шығармашылық концерттер, «Президент және жастар» атты жас ғалымдар мен саясаткерлердің арнайы дәрістері бар.
Ал білім мен ғылым саласында «Жалынды жастар» жобасы, «Ұлы даланың жеті қыры» еңбегі аясында ардагер ғалымдар мен студенттердің кездесуі, акдемиялық топтар арасында «Үздік топ басшы» байқауы, ЖОО студенттер көшбасшыларының слеті, ЕҰУ студенттерінің «Еуразия жастары» атты жинағы, бітірушілердің ұйым, мекеме, кәсіпорын өкілдерімен түрлі форматтағы кездесулер жастарға жан рахатын сыйлайды деген ойдамыз.
Ғылым және халықаралық қатынастар саласында да ауқымды шаралар жүзеге аспақ. Атап айтқанда, жас ғалымдар арасындағы «Үздік ғылыми жоба», жас ғалымдардың «Ғылым және білім – 2019» атты ХІV халықаралық ғылыми конференциясы, «Жасыл ғалам» экологиялық жобасы, республикалық Жас ғалымдар кеңес-семинары, Қазақстан халқы бірлігі күніне арналаған «Достық» фестивалі, «Туған жер» туристік-танымдық жобасы ешкімді де бейжай қалдырмайды. Сонымен қатар саламатты өмір салтын айтпағанда, әлеуметтік бағыттағы жаңа Студентер үйінің құрылысын бастау, оқу ғимараттарында Коворкинг және шығармашыл жастардың «Өнер» орталығын ашу Жастар жылындағы жарқын істердің бірі болмақ.
Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалының төрағасы Налшыбек Асхат «Ел ертеңі – белсенді жастар», филология факультетінің 2 курс студенті Аружан Тынымбаева мен ақпараттық технологиялар факультетінің 2 курс студенті Зарина Қалиева «Әлеуметтік желі арқылы онлайн оқыту» білім сапасын дамыту жобасы, тарих факультетінің 4 курс студенті Хайруллин Жанболат «Start up» бизнес инкубаторы жобаларымен таныстырса, халықаралық қатынастар факультетінің 4 курс студенті Джон Нгуен (Вьетнам) ЕҰУ-дің халықаралық беделі және «БҰҰ моделі» конференциясы туралы айтып берді. Ал, филология факультетінің 2 курс студенті Махамбет Ақмоншақ ЕҰУ шығармашылық ұжымдарының қол жеткізген жетістіктері мен атқарылатын жоспарлары жайында, «Өнер орталығын» ашып беру туралы, Эфиопиядан келген студент Исраэль Могис «Qamqor» волонтерлік қозғалысы жұмысын жандандыру хақында, Шорт-трек бойынша халықаралық спорт шебері, ХХVІІІ Бүкіләлемдік Универсиаданың және VІІІ Қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері, ҚР ІV Қысқы Спартакиаданың абсолюттік чемпионы, Қысқы Олимпиада ойындарына қатысушы, Әлеуметтік ғылымдар факультетінің 3 курс студенті Жанбосынова Мәдина Саламатты өмір салтын насихаттайды (коньки, шаңғы тебу алаңдары, «ENU running» жобасы). Сондай-ақ Жаратылыстану ғылымдары факультетінің оқытушысы, жас ғалым, ЕҰУ «Болашақ» бағдарламасының түлегі Сүлейменова Ботагөз «Fresh & free» суды қайта өңдеу жобасы жайында сөз қозғады.